Қазалы қаласындағы №66 учаскеде “Ғибрат әжелер” ансамблі республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасап, дауыс берді

Сырдария ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі ретінде өз учаскесінде бюллетень алып, дауыс берді

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, атақты диқан Ыбырай Жақаев ұрпақтары референдумға қатысып, оның 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылында тұратын Атымтаевтар әулетінің келіндері ел өміріндегі маңызды саяси науқанға бір отбасының мүшелері ретінде бірліктерін көрсетіп, бір мезетте референдум учаскесіне барып, дауыс берді

Қызылорда қаласындағы №375 сайлау учаскесінде қазақ хандары Қасым хан, Есім хан және Тәуке хан бейнесіндегі азаматтар бір мезетте дауыс берді. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ халқын бірлікке ұйыстырып, мемлекеттіліктің берік негізін қалаған заңдар жүйесі болды

Қызылордадағы №260 сайлау учаскесінде Сыр елінің рухын бейнелейтін Көк бөрі өз таңдауын жасады

Әйтеке би кентіндегі Оқушылар үйінде орналасқан №56 референдум учаскесінде арнайы Этноауыл ұйымдастырылып, ұлттық дәстүрлер кеңінен насихатталуда

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған