Ауыл әкімдерінің брифингі – ашықтық, жариялылық
Ауыл әкімдері брифингі – ашықтықтың, жариялылықтың озық үлгісі. Брифинг барысында әр ауыл әкімдері өз округтеріндегі халық саны, олардың экономикалық белсенділігі, тұрғындардың жұмыспен қамтылу барысын қамти отырып, ауыл ішінде қай көшенің қаншаға жөнделіп жатқанын, кім жөндеп жатқанын да нақты айтады. Сондай-ақ алдағы уақытта қандай көшелердің жөнделетіндігі, қай көшеге жарық бағаналары орналатындығы, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы қаржы көздерін, грант, жобалар туралы толық мәлімет берілетіндіктен де ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген, үлкен-кіші әкімдер кездесуінде ұсыныс етіп айтқан мәселелерінің қаншалықты шешім тауып жатқанын бағамдай алады. Әрі ауылда біткен іске, алдағы жоспарға қарап, әкімдерінің қабілет-қарымын, іскерлігін де таразылай алады.
Осы ретте Қызылорда қаласына қарасты ауыл әкімдерінің брифингін ықшамдап жариялағанды жөн көрдік.
2025 жылы ауылдық округі тұрғындарына «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары арқылы 3 адам жастар практикасымен, 21 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға тартылды.
БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ БАЗАСЫН КЕҢЕЙТУ БОЙЫНША:
2025 жылы ауылдық округтің бюджеті 149,9 млн. теңгеге жоспарланып, 201,7 млн. теңге болып бекітілді.
2025 жылдың І жарты жылдығында салықтық түсімдер 14 758,0 мың теңгеге нақтыланып, 16 207,8 мың теңге орындалды (110%) салықтық емес түсімдер 46 000 теңгеге нақтыланып, 55,6 мың теңге түсті( 120%).
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША:
Округте 371 шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде 301 дара кәсіпкерлер, 70 шаруа қожалықтары тіркелген.
Жыл басынан 12 кәсіпкерлік субъекті тіркелді(2024 жылы – 227). Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жыл басынан бері несие порфтелі 158 905,0 млн. теңгені құрайтын 20 жоба мақұлданды. Оның ішінде:
Өңірдегі ауыл кәсіпкерлеріне кредит беруді жүзеге асыратын«Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-і арқылы«Іскер» бағдарламасымен 1 жоба қаржыландырылды. Жоба құны 9,830 млн. теңге.
«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында 10 жоба мақұлданып, 15 728,0 теңгеге қаржыландырылды.
Өзге де бағдарламалар арқылы, мәселен «Аграрлық несие корпорациясы (17%), «КТ-Сырдария1» ЖШС-і, арқылы 5 жоба 133,5 млн. қаржыландырылды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы пилоттық жобасы аясында 2025 жылға құны 29 млн. құрайтын 5 жоба мақұлданды.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША:
2025 жыл басынан аз қамтылған 24 отбасына 5 855 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Ауылдық округі тұрғындарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Абай елді мекеніндегі медициналық амбулатория алғашқы көмек беру, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.
Қосшыңырау ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 40322 мың гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында табысталған жер учаскесінің көлемі – 18,3 мың гектар.
Елді мекен жері 971,0 гектар;
Босалқы жері 22 008 гектар;
Егістік жері 3,3 мың гектар;
Жайылымдық жері 14,5 мың гектар.
Қосшыңырау ауылдық округі бойынша ауылшаруашылығы жерлері бойынша 1579 гектар жерге күріш, 528 гектар жерге ескі жоңышқа және 120 гектар жерге жаңа жоңышқа, 131 гектар жерге бидай егілді.
Былтыр мал басы саны 15 015 болса, биыл 15 136 бас тіркеліп, мал басы 1%-ға көбейді.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Досан елді мекенінде талапқа сай электр қуатымен қамтасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны – 339,9 млн. теңге. Электр желілерін тарту бойынша мердігер «Техсервис» ЖШС- мен келісім жасалды. Электр бағаналарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, Досан ауылында құны 49,2 млн. теңгеге №2, №12, №7 көшелеріне тас жол төсеу жұмыстарына «Акнур Авто» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Алдағы уақытта Қосшыңырау ауылдық округі Абай ауылына 1 жаттығу алаңы, Абай көшесіне жарық бағандары жүргізілетін болады.
Жалпы, алдағы уақытта ауылдық округіміздегі өзекті мәселелерді қаржы мүмкіндіктеріне қарай кезең-кезеңімен шешуге тиісті шаралар қабылданатын болады.