Байқоңыр қаласы жалға алу жағдайында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі болып табылады. Қызылорда облыстық әкімдігі мен қала әкімшілігінің бірігіп атқарған жұмыстарының арқасында жыл бойы қаланың тыныс-тіршілігіндегі негізгі салаларда оң динамика сақталды, бірқатар бірлескен мәдени, әлеуметтік, экономикалық шаралар атқарылды.

Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының ерекше қолдауымен Байқоңыр қаласының және оған іргелес орналасқан Төретам мен Ақай елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша мән берілуде.

Ғарыш саласы және Байқоңыр қаласы әкімшілігіне қарасты кәсіпорындар мен мекемелерде 10 мыңға жуық еліміздің азаматтары жұмыс жасайды;

Бүгінде Байқоңыр қаласының тыныс-тірші­лігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұрғын­дардың әл-ауқатын арттыру мақсатында Байқоңыр қаласын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы іске асырылуда.

Байқоңыр қаласында 54,3 мың адам тіркелген, оның ішінде 38,7 мың, яғни 71%-ы Қазақстан Рес­публикасының, 14,3 мың, яғни 26%-ы Ресей Феде­рациясының және 1,2 мың, яғни 3%-ы басқа мемлекеттердің азаматтары тұрады.

Қаладағы жұмыссыздық деңгейі 1,3% құрайды.

Жыл ішінде 336 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

«Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыған 19 тұрғынға 29,8 млн. теңге сомасына өтеусіз грант берілді. Негізінен шаштараз қызметі, шағын типография ашу, таза су өндіру, дәрігерге дейінгі қосымша медициналық тексеру, жартылай фабрикант өнімдерін дайындау және тағы да басқа сұраныстағы қызметтерге бөлінді. 

Денсаулық сақтау саласы бойынша мемлекет­аралық келісімге сәйкес, Байқоңыр қаласында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйым­дар қызмет көрсетеді.

2016 жылдан бастап Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасы жұмыс жасайды. Жалпы ауруханаға 39 717 тұрғын тіркелген. Аурухананың материалдық-техникалық базасын жаңарту бойын­ша жұмыстар жүргізілуде, қазақстандық азамат­тарға барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде.

Гемодиализ орталығының қызметіне жүгінетін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында,Байқоңыр қаласындағы көп­бейінді аурухана гемодиализ орталығы қызмет көрсетуде. Сонымен қатар қаладағы медициналық қызметтердің сапасын одан әрі арттыру мақса­тында, облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлының тапсырмасына сәйкес аурухана 806 млн. теңгеге заманауи жабдықтармен қамтылды.

Қалада 12 мектеп, оның ішінде 5-еуі қазақстан­дық білім беру стандарты бойынша білім береді. Оқушылардың жалпы саны 7390. Оның ішінде Ресей Федерациясының мектептерінде 2 484 оқушы болса, оның 698-і Қазақстан азаматы, ал қазақстандық мектептерде 4906 оқушы оқиды.

Қазақстан Республикасының білім стандарт­тары бойынша 5 балабақша жұмыс жасайды, онда 1100 бала тәрбиеленуде.

Қалада 351 көп пәтерлі тұрғын үй бар, пәтер саны бойынша айтсақ 20 684 пәтер. Тұр­ғын үй мәселелерін шешу үшін Қызылор­да облысының әкімдігі 2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын аяқтады. Жаңа 7 «А» шағын ауданы құрылды.

Аталған ауданда ағымдағы жылдың қаңтар айында тағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен салтанатты рәсімде тұрғындарға пәтерлер табысталды.

2019 жылғы 3 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісімге сәйкес, қаланың тұрғын үй қоры толық газдандырылды. Сонымен қатар қалаға іргелес орналасқан Төретам және Ақай елді мекендері толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласының әкімшілігімен «Байконурэнерго» ӨЭБ МУК-ң жылу электр орталығын негізгі отыны мазуттан табиғи газ отынына көшіру жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл өз кезегінде жылу энергиясына тарифтердің өсуін тежеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы әкімдігімен «Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңарту» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 94,6 км су құбыры және 84,6 км кәріз желілерін ауыстыру жоспарлануда.

Қала тұрғындарының бұқаралық спортпен шұғылдануына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Қаланың спорттық инфрақұрылымының жүктемесіне байланысты спорт нысандарын ұл­ғай­ту қажеттілігі туындап отыр. 2025 жылы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу, оның база­сында қазақстандық балалар мен жасөс­пірім­дер спорт мектебін ашу туралы шешім қабылданды.

«Байқоңыр» – қала мен ғарыш айлағын бірік­тіретін, баламасы жоқ әлемдегі бірден бір кешен.

Кешен экономикасын әртараптандыру мақса­тында туризмді дамыту өзекті бағыттардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі О.Бектеновтың тапсырмасына сәйкес, Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді.

Қазақстан–Ресей үкіметаралық комиссиясының шешімімен қазақстандық тараптан туристік қыз­мет­ті жүзеге асыратын ұйымдар айқындалды Қазіргі уақытта ғарыш айлағының бірқатар тари­хи нысандары, мәселен «Гагарин старты», «Гагарин беседкасы», динамикалық сынақ стенді, «Буран» монтаждау- жанармай құю кешені жал­дан шығарылып, жаңа туристік маршруттар ашылды.

Сонымен қатар ғарыш айлағының тарихында алғаш рет Аэроғарыш комитетімен заманауи киіз үй түріндегі қазақстандық бақылау пункті ашылды.

Қала жалға беру жағдайында жұмыс жасайтын болғандықтан ұлттық құндылықтарды насихаттау және дәріптеу мәселесіне аса мән берілуде.

Қалада мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру облыс әкімдігінің тікелей бақылауында.

Мұнан бөлек қалада Қазақстанның барлық ұлттық және мемлекеттік мерекелері жоғары дең­гейде атап өтілуде. Сонымен қатар қаламызда рес­публикалық деңгейде айтыстың жыл сайын өткізілуі де ерекше атап өтуге тұрарлық.

Өнерпаздарға деген қала тұрғындарының ықы­ласы ерекше.

2025 жылы Байқоңыр ғарыш айлағы мен қала­сының құрылғанына 70 жыл толды. Аталған мерейтой Үкімет деңгейінде кең көлемде атап өтіліп, қала мен ғарыш айлағының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан «Бай­қоңыр» кешенінің қызметкерлері мен ардагерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Облыс әкімдігі тарапынан мерейтой аясында жыл бойы облыстық және республикалық дең­гей­дегі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдас­тырылып, өнер ұжымдарының концерттік бағдар­ла­малары мен түрлі спорттық жарыстар өткізілді.

Мерейтойға орай қала әкімдігімен бірқатар инфрақұрылымдық және мәдени жобаларды жүзеге асыру қарастырылды. Атап айтқанда, ашық аспан астындағы музей ашу, орталық алаңды реконструкциялау және басқа да әлеуметтік маңызы бар шаралар қолға алынды.

«Байқоңыр» кешенінің өзекті мәселелері бойынша шешімдерді талқылау және қабылдау мақсатында жыл сайын «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырыстары өткізіледі.

Үкіметаралық комиссияның соңғы отырыстарын өткізу барысында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасы іске асырудың белсенді кезеңіне өтті, жерүсті технологиялық жабдықтарын жасау және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жобаны іске асыру үшін «Байқоңыр» кешенінің 170 мың гектарға жуық жерін жалдан шығарып алу жұмыстары аяқталуда.

Сонымен қатар жайылымдық жерлерді ұл­ғайту жөніндегі мемлекет басшысының тапсыр­масын орындау үшін іргелес елді мекендердің ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін пайда­ланылмайтын жер учаскелерін жалдан шығару бойынша жұмыс жүргізілуде.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған