Ақордада “Республика күні” Ұлттық мерекесіне орай Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қатысуымен салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиында Президент құттықтау сөз сөйледі. Сөз соңынан еліміздің егемендігін нығайтуға ерен еңбек сіңірген тұлғаларды марапаттады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ІІІ дәрежелі “Барыс” орденін Қызылорда облысы әкімі Н.Нәлібаевқа тапсырды.
Әрине бұл “Барыс” – жұрт айтатындай әкімнің тынымсыз еңбегінің бағасы. Ол аймаққа басшы болып келгелі бергі екіжарым жылдан астам уақыт ішінде Сыр бойының қай салада болмасын көшбасшыға айналғаны Н.Нәлібаевтың қатаң талабы мен темірдей тәртібінің, ұйымдастырушылық қабілетінің, инвестиция тарта білуінің, Президент айтқандай “Әкімдердің тікелей міндеті – бизнес қауымдастыққа жан-жақты қолдау көрсетіп, кәсіпкерлермен тығыз қарым-қатынас жасай білуінің, шағын және орта бизнесті белсендіріп, елді жұмыспен қамтып отырғанының, өңдеу өнеркәсібінің өнімін арттырғанының тағы да басқа бірталай игі жұмыстарының арқасы. Нәтижесінде халықтың тұрмысы жақсарып, өңірдің өңі кіріп келеді…