Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Татарстан Республикасына жұмыс сапары кезінде осы елдің басшысы Рустам Миннихановпен кездесті. Кездесуде ортақ жобаларды жүзеге асыру туралы келіссөз жүргізілді. Татарстан тарапы ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға қызығушылық танытты.

Рустам Минниханов қалалар экономикалық өсу мен инновацияның қозғаушы күшіне айналатынын, халықаралық ынтымақтастық тәжірибе алмасуға ықпал ететінін атап өтті.

Татарстан – Ресей Федерациясының жетекші, индустриалды және инновациялық аймақтарының бірі.

Алдағы уақытта әріптестікке негізделген ауқымды жұмыстар атқару жоспарлануда. Татарстанға сапары барысында Нұрлыбек Нәлібаев Қазандағы әйгілі «Кул Шариф» мешітінде болды. Одан кейін «Ак Барс» спорт кешенінде балуандар бәсекесін тамашалады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған