Қызылордада ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қаладағы №2 Абай атындағы үш тілде оқытатын дарын­ды балаларға арналған маман­дандырылған мектеп алдында орналас­қан Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға аймақ басшылығы, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары және жастар қатысты.

Абай – қазақ халқының рухани көшбасшысы, ұлттық сананы қалып­тастырған ұлы тұлға. Оның мол мұра­сы – адамзатқа ортақ қазына, ұлт мәдениеті мен әде­бие­тінің алтын арқауы. Абай шығармалары – ел бірлігі мен руханиятының берік тірегі.

«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнан­баев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз біле­тін ақын болған жоқ», – деп Ахмет Байтұрсынұлы атап өткендей, ұлы ақын есімін ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың парызы.

Рәсімде Абайдың «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» өлеңі оқылып, «Көзімнің қарасы» әні орындалды.

Жалпы Абай атамыздың 180 жыл­дығына орай облыс көлемінде, қала, аудан, ауылдық елді мекендерде байқаулар, интелектуалды сайыстар мен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған