QazTrade Дубайда өңірлік өкілдігін ашады. Бұл қазақстандық өндірушілерге БАӘ мен Парсы шығанағы елдерінің нарығына шығуға мүмкіндік береді.

Өкілдік Expo City Dubai аумағындағы Қазақстан павильоны базасында жұмыс істейді. Кеңсе, шоурум, қойма, көрме және B2B алаңдары қарастырылған.

QazTrade Dubai қазақстандық өнімдерді аймақта жүйелі ілгерілетумен айналысады:

  • тауарларды нарық талаптарына бейімдеу
  • техникалық және сауда кедергілерін еңсеру
  • мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыру
  • экспорттаушыларды кешенді қолдау

Бұл бастама қазақстандық экспортты арттыруға және жаңа серіктестіктер орнатуға жол ашады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған