Сырдария ауданы бойынша егілген 21,8 мың гектар күріштің 9,0 мың гектары орылып, 7,0 мың гектары бастырылды. Егілген әр гектардан орташа есеппен 50,0 центнерден өнім алынуда. Күзгі егін жинау науқанына барлығы 989 ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.

Биыл мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында диқан қауымына су қажетті деңгейде жетті. Шаруашылық құрылымдары егілген ауыл шаруашылығы дақылдарына күтіп-баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізді.

Сонымен қатар егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.

Аудандағы ірі шаруашылықтардың бірі Н.Ілиясов ауылындағы «Мағжан и К» ЖШС жалпы 4291 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, бүгінде жоғары көрсеткіш көрсетуде. Оның ішінде 2520 гектарға күріш егіп, әр гектарынан орташа 67,0 центнерден өнім алуда. Бұдан бөлек серіктестікте 664 гектарға бидай, 1107 гектарға ескі жоңышқа дақылдары егіліп, жиналды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған