Google компаниясы Google Classroom платформасына тілдік қолдау көрсетіп, сәуір айында тізімге қазақ тілін енгізгенін ресми мәлімдеді. Бұл – Оқу-ағарту министрлігі Алтынсарин академиясының жүйелі жұмысының нәтижесі.

Google Classroom – 170 миллионнан астам адам қолданатын әлемдегі ең танымал білім беру платформаларының бірі. Ендігі таңда қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін жаңа цифрлық игіліктерді пайдалану мүмкіндіктері пайда болды. Бұл – еліміздің оқушылары мен педагогтері үшін цифрлық тең қолжетімділікті қамтамасыз етудегі маңызды қадам.

Қазақ тіліне өту үшін Google аккаунтында параметрді өзгерту жеткілікті – платформа интерфейсі веб-нұсқаға және мобильді қосымшаға автоматты түрде бейімделеді.

Естеріңізге сала болсақ, қаңтарда Алтынсарин академиясы Google және Microsoft-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Одан бұрын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлемдегі ең ірі IT-компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізген болатын. Google Classroom қазақша нұсқасы – білім беру саласындағы заманауи цифрлық экожүйені құру жолындағы алғашқы қадам.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған