Есірткісіз өмір ғажайып!

Нашақорлық елімізде соңғы кезде көп ойландыратын мәселеге айналды. Ол біздің еліміздің ғана емес, дүниежүзілік үлкен проблема. Есірткіге қызығып оның арбауына түскен адамда тәуелділік пайда болады, кейін бұл нәрсе қылмысқа итермелейді. Бір сәт қызыққа құмартқан жастарымыз, зиянды нәрсенің шырмауына түсіп, азабы мен зардабын тартуда. Бұл еліміздің болашағы үшін де қауіпті. Сондықтан бір сәттік қызығушылығымызды тыйып, ғажайып өмірге бірге қадам басайық! Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Сондықтан өмірді тек әдемі, мәнді де мағыналы етіп сүру әр адамның өз қолында.

Бойымызды аулақ салып қашайық

Салауатты өмір салтын сақтайық.

Ашық аспан астында күліп, ойнап,

Ғажайыпқа бірге қадам басайық!

Өз қоғамыңа пайдалы азамат болғың келсе, есірткіге «Жоқ» деп айт. Құрметті менің достарым! Бойларыңызды ластамай, жан дүниелеріңізді таза ұстаңыздар! Бос уақыттарыңызды пайдалы іске арнаңыздар! Өз тағдырың өз қолыңда!

Ділмұхамед Медет

Бұқарбай батыр ауылы № 33 орта мектептің 9 сынып оқушысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған