Аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қолдауымен Қызылордада жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылын кеңейту жұмыстары. Осы жобаның жалғасы саналатын Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі аралыққа жаңа жол салынуда. Мердігер – «УАД» ЖШС. Жаңа жол қолданысқа берілгеннен кейін көлік ағыны мен кептеліс реттеледі.

Бүгінде И.Сейітов көшесінің М.Шоқай көшесінен Қашқынбаев көшесіне дейінгі аралығына күрделі жол жөндеу жұмыстары жүруде. Ұзындығы 700 метрді құрайтын көшені «РиА Сервис» мекемесі жөндеуден өткізуде.

Қазіргі уақытта Ұ.Қараманов көшесінің асфальт жабындысы толықтай жаңартылуда. Жұмысты «Қыран» мердігер мекемесі атқаруда. Көшенің ұзындығы 1,8 шақырым.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған