Кеше Сыр топырағында қоғамдық пікір алмасу алаңынан ел дамуына ықпал ететін маңызды институционалдық тетікке айналған Ұлттық құрылтайдың секциялық отырыстары басталды. Ел дамуының басым бағыттарын айқындауда, қоғам мен билік арасындағы ашық диалогті нығайтуда ерекше рөл атқарып отырған құрылтайға жиналғандар әлеуметтік-мәдени даму, білім мен ғылым, азаматтық қоғам және экономикалық даму бағыттары аясында ұйымдастырылған отырыстарға қатысты. Мұнда айтылған ұсыныстар Ұлттық құрылтай хатшылығы арқылы зерделеніп, тиісті қорытындылар жасалады.