Қызылорда қаласындағы кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау жобасы бойынша 2,97 шақырым желі жаңғыртылуда. Бас мердігер «Механизатор-К», қосалқы мердігер «Асанас-Дар», жобалаушы КБ «МұнайГаз Инжиниринг», техникалық қадағалаушы «Актаустройэксперт серіктестіктері жұмыс атқаруда.

«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігін жылумен жабдықтау. Аяқталмаған құрылыс» жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазандықтың жұмысына биыл облыстық бюджеттен 300 млн. теңге қаржы қаралып, №2 қазандықтың оттығы, отын сақтау резервуары, суды химиялық тазалау және автоматтандыру жүйесі жаңғыртылды. Қазір қазандықтар толығымен іске қосылған.

Сондай-ақ Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 300 орындық жатақханасы бар, 400 орындық физика математика мектеп-интернатының құрылыс нысанында бас мердігер «Промстройсервис», техникалық қадағалаушы «Стройэксперт» серіктестіктері жұмыс жүргізуде

Бұдан бөлек сол жағалаудағы жеті қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысын бас мердігерлер «Аман құрылыс», «Орион ЛТД», «Риголит», «Промстройсервис», «Е Абу Сер», авторлық қадағалаушы «Қазақ Жоба Құрылыс» серіктестіктері бірқатар тірліктер атқаруда.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында «Тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Қала тірлігі аймақ басшысының тікелей назарында. Бұл жолы да қала әкімі Н.Ахатовпен бірге қала құрылыс нысандарын аралаған облыс әкімі Н.Нәлібаев:

–Жаңа, жаңғыртылған нысандардың барлығына қойылатын басты талап – сапа. Нысандар қолданысқа берілгеннен кейін халыққа кедергісіз, ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетуі тиіс. Сосын құрылысты аяқтау мерзімін қадағалаңыздар. Қолға алынған жұмыстың нәтижесін жұртшылық көруі уақытында керек. Жауапты сала басшылары жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеуі тиіс, – деді.

Қала әкімі Н.Ахатов сала мамандарымен бірге аймақ басшысының сын ескертпелерін орындауға барынша күш салуда.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған