22 жасында қызмет жолын бастаса, соның барлығын дерлік мемлекеттік қызметте келе жатқан Н.Ахатов Шиелі ауданында әкім болып жүргенінде Қызылорда қаласының әкімі болуды армандағаны анық. Н.Сәбитұлы ғана емес, ауданға әкім болып жүргендердің қай-қайсысы болмасын облыс орталығын басқаруды қалайтыны сөзсіз. Армандар орындалады дегендей Н.Сәбитұлы тағайындалғаны, сайланғаны бар екі жыл өз туған жері Шиеліге әкім болғаннан кейін биылғы жылдың тамызынан бастап Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды.
Н.Ахатов Қызылордаға төтеннен келген жоқ. Шиелі ауданы әкімдігінде бас маманнан бастап, бөлім, әкімшілік аппаратын басқарды, әкім орынбасары болды, арасында облыстық деңгейде қызметтер атқарды. Қызылордада қала әкімінің аппарат басшысы болып қызмет бастаған ол қала әкімінің орынбасары болып қала бюджетін қалыптастырды. “Автобус паркін, “Байқоңыр” ӘКК-н да басқарды.
Демек, қаланың ой-шұқырын, осалы мен мықтысын, мұқтажы мен қажеттілігін де жақсы біледі.
Әрине, Н.Ахатов әкім болып келгенге дейін қаланың биылғы жылға атқарар тірлігінің барлық жоспарлары жасалып, жобалары, қаржысы бекітіліп кеткені белгілі.
Көпшілікке қызығы: Ахатов әкім болып келгенде қала мүмкіндігі қандай болды, әрі Ахатов өзі армандағандай қала жасауға қол жеткізе алады ма?
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
Қалада 3911 пәтерлі 74 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жергілікті билік тұрғындардың талап-тілектеріне орай мақсатты шараларды жүзеге асырып, жайлы баспана ұсыну үшін көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын қарқынды жүргізуде.
Оның ішінде 3139 пәтерлі 58 тұрғын үй бюджет есебінен, 772 пәтерлі 16 тұрғын үй жеке инвестициялар есебінен салынуда. Жыл соңына дейін 7 қабатты 10 үйдің жоба сметалық құжаттары және сараптама қорытындысын алу жоспарлануда.
ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕКТІЛІГІ
Жыл басынан бері 1323 пәтер кілттері пайдалануға берілді.
Анықтама: Тасбөгет кентінен 323, Жаппасбай көшесінен 380, сол жағалаудан 620 пәтер, оның 470 пәтері ипотекалық пәтер пайдалануға берілген.
Жыл аяғына дейін 1 390 пәтерді ел игілігіне табыстау жоспарлануда. Анықтама: Жаппасбай көшесінен 60, сол жағалаудан 1330 пәтер, оның 504 пәтері ипотекалық пәтер беріледі.
АПАТТЫҚ ҮЙ. Қазіргі таңда қалада 68 тұрғын үй (60 көппәтерлі, 8 жеке жер үй) апаттық деп анықталған. Аталған санат бойынша тұрғын үй алу кезегіне 673 отбасы тіркеуде тұр. Биыл 135 отбасыға жаңа пәтерлер табысталып, тұрғын үй кезегінен шығарылатын болады.
ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ. Өткен жылы 773,8 млн. теңгеге 12 тұрғын үйл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Биылға 21 тұрғын үйді қайта жаңғырту үшін 1,9 млрд. теңге қаржы қаралып, бүгінде 18 тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Ақпарат:
Қорқыт ата №3А,№140, Сырдария №11, Шұғыла №24А, Шүкіров №31, Тоқмағанбетов №25, Бәйсейітова №104, Желтоқсан №6, Жетікөл №30, Абай №43, Бөкейхан №37, Скатков №151,№155, Тәжібаев №25, Қоғалы №31, Шұғыла №28,№30,№42 үйлер қайта жаңғыртылуда.
2025 жылға 20 көпқабатты тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары дайындалып, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 2,2 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.
ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ. Ағымдағы жылы жол-көлік инфрақұрылымын дамы үшін 36 млрд. теңге қаржы қаралып, 99 көшеге жол құрылысын салу, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ. Тұрғындар мен қала қонақтарына қолайлы жағдай жаса үшін шаһарға кіретін күре тамыр жолдардың барлығына мән беріліп жатыр.
Осы ретте, Әуежай жолы мен Шиелі ауданынан кіре беріс жолдар кеңейтілсе, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ арқылы «Қызылорда – Құмкөл» жолын қайта жаңғырту үшін техникалық – экономикалық негіздеме дайындалуда.
Еліміздің бас қаласы Астана бағытынан кіретін Сағымбаев көшесіне қайта жаңғырту жұмыстары үшін жоба – сметалық құжаттары әзірленуде.
Қаланың магистралды Яссауи мен Жаппасбай батыр көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы төрт жолақтыға кеңейтілді.
ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ. Е.Көшербаев көшесі қайта жаңғыртылып, 96 көше күрделі, 34 көшеге орташа жол жөндеу және жаңа жол құрылысын салу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланды.
Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылына дейінгі аралықта жаңа жо құрылысы салынды.
Сонымен қатар Сырдария жағалауының бойынан Ескі базар мен Мерей мөлтек ауданы аралығына жаңа жол салу жоспары бар.
БЮДЖЕТ. Жыл басында қала бюджеті 58,2 млрд. теңгемен бекітілді. Президенттің, Үкіметтің қолдауының арқасында және облыс әкімінің үйлестіруімен биылғы жылдың 1 қазанына бюджет көлемі 107,9 млрд. теңгеге жетіп, 49,7 млрд. теңгеге, яғни 85,4%-ға артты.
БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫ. Бюджет шығыстарының көлемі 107,9 млрд. теңге, оның 70,2 немесе 75,7 млрд. теңгесі құрылыс, жол және коммуналдық шаруашылық саласына бағытталуда, қалған шығыстар әлеуметтік қамсыздандыру мен өзге де шығындарға бағытталған.
БЮДЖЕТ ТҮСІМІ. Салық түсімдері мен табысы шаһардың әлеуметтік экономикалық дамуына оң әсерін беруде.
Жыл басында қала бюджетінің өз кірістерінің бекітілген жоспары 21,9 млрд. теңге болса, биылғы жылдың 1 қазанына нақтыланғаны 30,3 млрд. теңге.
Жыл аяғына дейін түсімді 40,0 млрд. теңгеге дейін жеткізу көзделуде.
Бұл бағытта жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тиісті шаралар атқарылуда.
ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ. Барлық даму көрсеткіштерде оң динамика қалыптасты.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8 айда 167,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4 пайызға артты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 57,7 млрд. теңгені құрап, тиісті кезеңімен 45,0 пайызға өсті.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнім көлемі 4,0 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 3,2 пайыз болды.
Бөлшек сауда көлемі 278,3 млрд. теңгені құрап, 4,0 пайызға көтерілді.
Егін шаруашылығы. Биылғы жылы 8298 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. 3 856 гектар күріш толығымен орылып, бастырылды. Орта өнім 51,5 центнерді құрады. Қамбаға 19 858 тонна астық құйылды.
Шаруашылық құрылымдары бойынша 7 098,0 тонна жоңышқа дайындалды (орта өнім 44,8 ц/га).
Анықтама: Негізгі дақыл күріш 3 856 га, бидай 368 га, қант құмайы 40 га, жаздық арпа 2 га, жаңа жоңышқа 286 га, ескі жоңышқа 1 297 га, картоп 130 га, көкөніс 1 329 га, бақша 990 га егілді.
Бидай, арпа және көкөніс өнімдері жиналып, жұмыстар жоспарға сәйкес толық аяқталды.
Егілген 368 гектар бидайдан 379 тонна өнім алынып, көрсеткіш 10,3 центнерді құрады. Ал, 2 гектар арпадан 3 тонна өнім жиналып, орта өнім 15,0 центнерден келді.
1329 гектар көкөніс 100% толық жиналып, 135,0 центнер, 990 гектар бақшалық 100% жиналып, 136,0 центнер, 40 гектар картоптан 130,0 центнер өнім жиналды.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. 1 тамыздағы статистикалық көрсеткіш бойынша мал басының барлық түрінен және олардың өнімдерінен өсім қалыптасты.
Бүгінде қалада 25 100 мүйізді ірі қара, 34 005 бас уақ мал, 17 575 жылқы, 3 171 түйе және 17 215 құс тіркелген.
Өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 23,5%-ға, жылқы 2,5%-ға, қой мен ешкі 21,6% көбейген, өкініштісі түйе 3,0%-ға кеміген.
Жыл басынан бері тірі салмақта 813,9 тонна ет,2 122,2 тонна сүт және 420,6 мың жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру 5,0%-ға, сүт 0,2%-ға, жұмыртқа өндіру 0,8%-ға артқан.
КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ. Қызылорда қаласында шағын және орта кәсіпкерлік бойынша тіркелген субъектілер саны 34 643 болса, оның жұмыс жасап тұрғаны 32 491.
«Ауыл аманаты» жобасы. Биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында облысқа 4,6 млрд. теңге қаралып, оның 612,8 млн. теңгесі Қызылорда қаласына лимит түрінде берілген.
Бүгінде «Байқоңыр» АҚ-мен 142,13 млн. теңгеге 16 жоба мақұлданып, оның 111,8 млн. теңгені құрайтын 12 жобасы қаржыландырылған.
Қаржыландырылған жобалар:
Тасбөгет кентінен 23,2 млн. теңгеге 3 жоба;
Белкөл кентінен 26,9 млн. теңгеге 3 жоба;
Ақсуат ауылынан 18,2 млн. теңгеге 3 жоба;
Қызылөзек ауылынан 36,5 млн. теңгеге 2 жоба;
Талсуат ауылынан 7,0 млн. теңгеге 1 жоба;
Қаржыландыруды қажет ететін жобалар:
Тасбөгет кентнен 7 млн. теңгеге 1 жоба;
Белкөл кентінен 4,9 млн. теңгеге 1 жоба;
Қызылжарма ауылынан 9,2 млн. теңгеге 1 жоба;
Талсуат ауылынан 5 млн. теңгеге 1 жоба.
Қазіргі уақытта мақұлданған 10 жобаның 58 млн. теңгені құрайтын 3 жобасына қаражаты аударылды.
Бұдан бөлек Бақылау кеңесінің шешімімен 241,3 млн. теңгеге 8 жобаны несиелендіру қолдау тапты.
Қызылорда қаласынан 191,3 млн. теңгеге 7 жоба;
Ақсуат ауылынан 50,0 млн. теңгеге 1 жоба;
«ДАМУ» ҚОРЫ ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫН СУБСИДИЯЛАУ. Екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік мақсатта ұсынылған несиелерін Даму қорымен субсидиялау жалғасуда. Жыл басынан бері 12,8 млрд теңгені құрайтын 361 жоба субсидияланды.
Анықтама: Қызылорда қаласынан 12 млрд. 413 млн. теңгеге 351 жоба;
Тасбөгет кентінен 280,4 млн. теңгеге 3 жоба;
Белкөл кентінен 23,0 млн. теңгеге 1 жоба;
Ақсуат ауылынан 31,0 млн. теңгеге 2 жоба;
Ақжарма ауылынан 20,1 млн. теңгеге 1 жоба;
Қызылжарма ауылынан 23,729 млн.теңгеге 3 жоба
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Бүгінгі күнге Қызылорда қаласында халық саны 360 089 адамды құраса, оның экономикалық белсендісі 147 128 адам, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз немесе 6,8 мың адам жұмыссыз.
Қала бойынша 22 504 адам жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан.
14 139 адам жұмысқа орналасқан, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны 8 274 адам, яғни 58,5 пайыз.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 520 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланып, ол толығымен орындалған.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша:
– Қоғамдық жұмыстарға 2 322 адамды жолдау жоспарланып, 3650 адам жолданған.
– Әлеуметтік жұмыс орындарына 206 адамды жолдау жоспарланып, 120 адам жолданған.
– Жастар тәжірибесіне 1 341 жасты жолдау жоспарланып, 980 жас маман жолданған.
– «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 72 жас маманды жолдау жоспарланып, 72 адам жол данған.
– «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 5 адамды жолдау жоспарланып, 1 адам жолданған.
– «Күміс жас» жобасына 826 адамды жолдау жоспарланып, 669 адам жолданған.
Бұл көрсеткіштер жыл соңына дейін көте рілетін болады.
ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ ЖОЛДАРЫ. Биылғы жылы 2,3 млрд. теңге болатын 54 көшеге жая жүргіншілер жолы салынуда, оның 40 көшесі қалада, Тасбөгет кентінде 6, Белкөлде 1, Қарауылтөбеде 7 көше.
ЖАРЫҚТАНДЫРУ. Қала көлемінде 81 көшені жарықтандыруға 1,4 млрд. теңге бөлінді, оның 5 көшесі қалада, 6 көшесі Тасбөгетте, 15 көшесі Сабалақта, 5 көше Белкөл кентінде,1 көше Ақжарма ауылында
ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ АБАТТАНДЫРУ
ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫ КӨБЕЙТУ АЙМАҚ БАСШ НЕГІЗГІ ТАПСЫРМАСЫ
Шаһарымыздың тұрғындары мен қонақтарына сапалы өмір сүру үшін меценат Асқар Әубәкіровтың демеушілігімен 1 млрд. теңгеге «Орталық алаң» абаттандырылды.
262,9 млн. теңгеге Н.Назарбаев даңғылы және 725 млн. теңге Қожа Ахмет Яссауи көшесі абаттандырылды.
Қала әкімдігі «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда университетімен бірлесіп «Агро-биологиялық» бағын демалыс саябағына айналдыру жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі уақытта қала аумағында 33 сквер аллеялар, саябақтар мен демалыс орындары бар. Оларды күтіп – ұстау үшін бюджеттен 382,2 млн. теңге қаралған.
Алдағы уақытта Қалалық мәдени және демалыс паркі, Тұңғыш Президент, Денсаулық, Батырхан Шөкенов атындағы саябақтары мен Қорқыт Ата мемориалы аллеясын қайта жаңғыртылады.
Қазіргі таңда «BI Group» компаниясының демеушілігімен жоба сметалық құжаттамасы әзірленіп, жақын арада сараптама қорытындысы алынатын болады. Одан кейін ағашы көп орналасқан демалыс орындарын көбейту бағытындағы қажетті шаралар жүргізу жоспарлануда.
Анықтама: М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледж маңынан жаңа сквер;
«Қорқыт Ата» университетінің №5 корпус маңынан демалыс орны;
М.Саламатов және И.Журба көшелері қиылысынан аллея;
Титов тұрғын ауданы М.Ералиева атындағы мәдениет үйі маңынан демалыс орыны;
С.Майқанова атындағы мәдениет үйі маңынан демалыс орны;
Сол жағалау мөлтек ауданынан демалыс орны салынады.
ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ. Шаһарымыздың тазалығы басты назарымызда.
Бұл жұмыстарды үйлестіру үшін арнайы мекемелер бар.
Биыл «Қызылорда тазалығы» мекемесіне 23 техника алынды.
Көркейту көгалдандыру, аяқ су каналдары мен арықтарды тазарту жұмыстарын жүргізу мақсатында былтыр «Жасыл Қызылорда» мекемесі құрылып, (1 468 млн.тг, 231 жұмысшы) 25 техника сатып алынды.
Мекеме Жібек жолы, Сарқырама, Табиғат және қалалық аяқ су каналдарын көктем басында толық тазалаған. Қазіргі таңда кезекпен қалаішілік арық жүйелерін тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Сырдария өзені және каналдар арқылы арнайы 19 насосты күтіп ұстап, бұрын бұрғылау жұмыстары жүргізілген ұңғымалар арқылы сквер аллеялар мен қаламыздың орталық көшелеріне аяқ су беру жұмыстарын ұйымдастыруда.
КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫ ЕТУ. Халыққа ең қажетті саналатын көгілдір отын жеткізу мақсатымен 1,2 млрд. теңгеге Ақжарма елді мекенін, 3,1 млрд. теңгеге Сабалақ саяжайын және 689,2 млн. теңгеге қалада көгілдір отын желісі жүргізілмей қалып қойған шағын аудандарды (ақ дақтарды) газдандыру жүзеге асырылуда.
Қалаға қарасты Қызылөзек ауылдық округі және Бірқазан елді мекенін көгілдір отынмен қамту негізгі жоспарға енгізілді.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІН ЖҮРГІЗУ. Электр энергиямен қамту бағытында құны 4,8 млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асырылуда.
Анықтама: 7 қабатты тұрғын үйлер; Жас алаш, Теректі және Сарысу көшелері; Белкөл кентіндегі Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелері; Ақсуат ауылдық округіндегі жаңа қоныстанушы аумақ; Қосшыңырау ауылдық округіндегі жаңа қоныстанушы аумақ; Қызылөзек ауылдық округіндегі Қараөзек, Айнакөл ауылы, Қараөзек бекеті; Қызылжарма ауылдық округіндегі жаңа аумақ; Сырдария өзенінің сол жағалауында коммерциялық үйлер.
Нәтижесінде электр желілерінің тозу де гейін 64 пайыздан 62 пайызға дейін төмендейді.
АУЫЗ СУ ЖӘНЕ КӘРІЗ СУ. Қызылорда қаласындағы 85 131 тұтынушыға күнделікті 72 мың текше метр ауыз су өндіріліп, тұрғындардың 100 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілуде.
Анықтама: Жеке тұлғалар – 80 649 тұтынушы;
Бюджеттік мекемелер – 246 тұтынушы;
Заңды және өзге де тұтынушылар – 4 236 тұтынушы.
Ағымдағы жылы «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы аясында құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 29 жоба жүзеге асырылуда. Биылғы жылға қаралған қаражат көлемі 3,6 млрд. теңге.
Анықтама:
– 8 шақырым болатын Универсам, Шымбай аумағында сумен жабдықтау және су бұру желісін қайта жаңғырту – 302 млн. теңге; (жоба құны 699,3 млн. теңге)
– 6,9 шақырым болатын қаланың орталық бөлігінің кәріз желілерін қайта жаңғырту – 531,9 млн. теңге; (жоба құны 560,9 млн. теңге)
– 3,8 шақырым болатын Майлықұм көшесінің бойымен ауыз су желісінің құрылысы – 64,8 млн. теңге; (жоба құны 62,4 млн. теңге)
-ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың м3 биологиялық тазарту станциясын жаңарту және автоматтандыру жобасын қосымша қаржыландыру – 147,6 млн. теңге. (жоба құны 4 684,6 млн. теңге)
– 1,3 шақырым болатын Сарысу көшесін ауыз сумен қамту жобасы – 27,9 млн. теңге. (жоба құны 26,2 млн. теңге)
– 18,5 шақырым болатын «Бәйтерек» ықшам ауданындағы тұрғын үйлерді сумен жабдықтау желілерін салу жобасы- 186,0 млн. теңге. (жоба құны 427,5 млн. теңге)
-Арай мөлтек ауданы Мәуелі көшесі жеке секторының ауыз су құрылысы – 28,0 млн. теңге. (жоба құны 26,3 млн. теңге)
-7 қабатты тұрғын үйлерге ауыз су және кәріз су желісін жүргізу – 100,0 млн. теңге. (жоба құны 95,0 млн. теңге)
-7 қабатты тұрғын үйлерге КНС құрылысын салу – 247,7 млн. теңге. (жоба құны 247,7 млн. теңге)
– Арай мөлтек ауданындағы 14 ауыз су станциясына күрделі жөндеу – 511,0 млн. теңге
– Жаппасбай және Әуезов көшелері мен Арай мөлтек ауданында су көтергіш сорғы станциялары салу – 270,4 млн. теңге.
ЫСТЫҚ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТАҒЫ БІР ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ТАРИХИ СӘТТЕГІ ҮЛКЕН ЖҰМЫС – Мемлекет басшысының дауымен қаладағы 424 көпқабатты тұрғын үйді ыстық сумен қамтамасыз ету. Жалпы қажетті қаражат көлемі 26,2 млрд. теңге.
Бұл жұмыстар екі кезеңмен жүргізілуде. Бүгінгі күні 11,0 млрд. теңге қаражатқа бірінші кезеңдегі 187 үйге ыстық су тарту жұмыстары жүргізілуде, бірінші кезеңінде 187 үй 11,0 млрд. теңге 2024 жылы, екінші кезеңінде 237 үй 15,2 млрд. теңге 2025 жылы.
Анықтама:
Қызылорда қаласындағы 808 үй орталықтан дырылған жылу жүйесіне қосылған.
Оның ішінде:
– 201 үйді ыстық суға қосуға мүмкіндігі бар. 95 тұрғын үй дайын.
– 424 үй қаржыландыруды қажет етеді.
– 183 үйді қосу мүмкін емес. Себебі: аталған тұрғын үйлердің өжірелері, жылу элеваторы жоқ, кейбір тұрғын үйлер апатты болып тіркелген.
Демеушілік есебінен қаладағы 424 көпқабатты тұрғын үйді ыстық су жүйесіне қосу үшін құны 26,2 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба әзірленді.
ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢДАРЫН АБАТТАНДЫРУ. 2024 жылы құны 619,3 млн. теңгеге 23 тұрғын үйдің аулаішілік жолдарын жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы қала аумағында 250-ге жуық балалар ойын алаңы орнатылған.
Тұрғындардың өтінішіне сәйкес 25 көпқабатты тұрғын үй ауласында орналасқан балалардың ойын алаңдарына 1,5 млрд. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде, 10 ойын алаңы күрделі жөндеуден өтіп, 15 ойын алаңы қайта жаңғыртылады.
Қалалық бюджеттен 114,8 млн. теңгеге қала аумағындағы 18 үйдің шатыры қайта қалпына келтірілуде.
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАСБЕТТЕРІН ЖАҢҒЫРТУ Қала орталығында орналасқан 20 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері бюджет есебінен 740,0 млн. теңгеге линеарлық панельмен қапталып, 77 көпқабатты тұрғын үйлер мен 2 әлеуметтік нысандардың қасбеттері демеушілік есебінен 250 млн. теңгеге заманауи үлгіде әрленуде.
ҚАЛА КҮНІ. Қызылорда қаласының 206 жылдығын атап өту мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бекітілген шаралар 17 қыркүйектен бастау алып, 12 қазанға дейін жалғасты.
12 қазан күні сағат 8:00-ден бастап қаланың бекітілген аумақтарында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Сағат 10:00-де ипподромда Республикалық бәйге жарысы ұйымдастырылды.
Сол күні сағат 19:00-де орталық стадионда эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Береке-ырыс қамбасы, құндылықтың ордасы» атты гала-концерт өткізілді.