Бұл шаралар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектеседі.

Алдағы екі жыл ішінде Қазақстанның 10 әуежайында жолаушылардың биометриялық идентификациясы енгізіледі, деп хабарлады жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Көлік министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі көлік саласының цифрлық трансформация картасын бекітті. Құжатқа сәйкес, 2027 жылға қарай 10 халықаралық әуежайда биометриялық идентификация іске қосылады.
Сонымен қатар, картаға мынадай жоспарлар енгізілген:

теміржол маршруттарының 55 пайызында интеллектуалды жүйе енгізу;
2029 жылға қарай автомобиль өткізу бекеттерінде «жасыл дәлізді» толық іске асыру.

Коняшкиннің айтуынша, бұл шаралар шекарадан өту уақытын қысқартуға, жүк пен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ транзиттік әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған