Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен кез­дес­ті. Кездесуде қор демеушілігімен жүзеге асқан қайырымдылық бағдарла­малары мен жобалардың нәтижелері туралы айтылды. Ұсыныстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.

«Қазақстан халқына» қоры аймақта 10,1 млрд. теңгенің әлеуметтік жоба­ларын жүзеге асыруда. Оның 4,8 млрд. теңгесі денсаулық сақтау, 2,7 млрд. теңгесі білім беру және 2,6 млрд. теңгесі спорт саласына бағытталған.

2022 жылы облыстық көпбейінді бала­лар ауруханасы базасында, был­тыр Жаңа­қорған ауданында «Қам­қорлық» бала­ларды оңалту орталықтары ашылып, 3500-ден астам бала оңалтудан өтті. Орфан­дық дертке шалдыққан 20 науқас 2,4 млрд. теңгеге, онкологиялық және онко­гематологиялық аурулармен ауыра­тын 26 науқас 466,2 млн. теңгеге дәрі-дәрмекпен қамтылды. Қан тамыры пато­логиясы бар 4 бала 640 мың теңге­ге ем алды. Онкологиялық скри­нинг жүргізуге арналған екі жылжы­малы медициналық кешен 1,1 млрд теңгеге сатып алынып, 6 мыңнан астам тұрғын тексеруден өтті. Балалар нейро­хирургиясын дамыту үшін 92,2 млн. теңгеге құрал-жабдықтар әке­лінді. Соны­мен қатар генетик пен УДЗ маманы шетелде оқытылып, 4,19 млн. теңгеге трансплант-үйлес­тіруші даярланды. Көз қабығын транс­плантациялаудың 171 отасы жасалып, облыс бойынша 5 науқасқа 6 млн. теңгеден көмек көрсетілді. Жаңақорғандағы оңалту орталығы 562 млн. теңгеге медициналық жабдық­тармен жарақталды. Биыл облыстық балалар ауруханасы жанынан Ерте араласу орталығы ашылып, оны жаб­дықтауға 69,7 млн. теңге бөлінді. Байқоңыр қаласында да балаларға арналған оңалту орталығын іске қосу көзделуде.

2022–2024 жылдары аудан орта­лық­та­рындағы 6 тірек мектептің әрқай­сысына 250 млн теңгеден, жалпы 1,5 млрд теңге бөлініп, пән каби­неттері, спорт зал, асхана, акт залы жаңғыртылды. Биыл Сырдария ауда­нындағы №36 және Байқоңыр қала­сындағы №277 мектептердің материал­дық-техникалық базасын нығайтуға 500 млн теңге бөлінді. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған №5, 6, 7 интернаттардың инфрақұрылымын жақсартуға 99,5 млн теңге жұмсалды. 2023 жылы «Болашақ инженерлер» жобасы ая­сында 9 мектеп робототехника құрал­дарымен қамтамасыз етіліп, оған 32,4 млн теңге бағытталды. Сонымен қатар 2023–2024 оқу жылында 68 студенттің оқуына 365,2 млн теңге, ал 2030 баланың жазғы лагерьлерде тынығуына 217,1 млн теңге бөлінді.

Қармақшы және Сырдария ауданда­рындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт залдарына 17,5 млн теңгеге жабдықтар жеткізілді. Шиелі ауданының Досбол датқа ауылында салынған спорт кешені осы жылдың ақпанында пайдалануға берілді.

Кездесуде Ләззат Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Қызылорда облысы арасындағы жолға қойылған тұрақты әріптестік байланыс одан әрі жалғасатынын жеткізді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған