Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты республикалық және өңірлік коалиция өкілдері Мархабат Жайымбетов, Мақсұт Нәлібаев, Нұридин Әмитов, Гүлшат Мұсаева, Әлібек Жаппасбаев және Арайлым Байжігітова қалалық аурухана ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Кездесу барысында құжатта қарастырылған құқықтық және саяси өзгерістер туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, билік тармақтарының өзара өкілеттіктерін нақтылау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыру мәселелері сөз болды. Сондай-ақ «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатының мазмұны түсіндірілді.

Жиында Конституциялық Сот институтын енгізу, Парламенттің рөлін күшейту, Мәжіліс депутаттарының бір бөлігін бірмандаттық округтер арқылы сайлау тәртібі туралы да мәлімет берілді. Спикерлердің айтуынша, бұл өзгерістер заң шығару процесіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Әлеуметтік бағыттағы нормаларға да назар аударылды. Құжатта жер және табиғи ресурстарға қатысты ережелер, азаматтардың денсаулығын қорғау, білім алу және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылғаны айтылды. Сонымен қатар адами капиталды дамытуға байланысты нормаларға түсіндірме берілді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Медицина қызметкерлері конституциялық өзгерістердің денсаулық сақтау саласына ықпалы жөнінде сұрақтар қойып, жауап алды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай кездесулер жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары аясында жалғасады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған