Қызылордада қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ қала аумағындағы игерілмей жатқан, еліміздегі жер заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау бойынша тұрақты мониторинг жүргізуде.

Мониторинг барысында қала тұрғындары арасында мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін өз бетінше заңсыз иелену, артық қоршау орнату деректері анықталып, меншік иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, құжаттары тиісті шара қолдану үшін уәкілетті органға жолдануда.

Жер кодексінің 43-бабының 10-тармағына сәйкес, жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған