– «Күн сайын көркейіп келе жатқан қаламыздың ажары оның тазалығымен де байланысты. Ал, тазалық пен ұқыптылық әрбір адамның туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Өзге аулалардан оқшауланып, көзге түсер бұл ауланың көркі – бірлігі жарасқан көршілердің еңбегі. Егер әр азамат үй-жайы мен ауласын, көшесін құрметтей білсе, ол жер шынымен де жерұйыққа айналып шыға келер еді», – дейді өз аулаларын көгалдандырып,тал отырғызып, айналасын мұнтаздай таза ұстайтын «Шұғыла» мөлтек ауданы, №27 үйдің тұрғыны Күлзираш Ешпанова.
Күн сайын көркейіп, гүлденіп келе жатқан сүйікті қаламыздың болашағы жарқын болсын!
Қызылорда — өнер мен мәдениеттің, білім мен бірліктің бесігі.
Қызылордам – сенің дамуыңа әрбір тұрғын үлес қосуға дайын! – дейді “Үздік аула-2025” байқауына қатысушы И.Тоқтыбаев 10 үй тұрғыны Қожахмет Жалғасбайұлы.