Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, жер және құрылыс саласындағы кейбір мәселелерді реттеу үшін арнайы жұмысшы топ құрылды.
Аталған тапсырмаға сәйкес, облыс аумағында жалпы 555 құрылысы жүріп жатқан(Қызылорда Қызылорда қаласы – 158, Арал ауданы – 72, Қазалы ауданы – 65, Қармақшы ауданы – 35, Жалағаш ауданы – 29, Сырдария ауданы – 36, Шиелі ауданы – 72, Жаңақорған ауданы – 88) кәсіпкерлік нысандар бойынша зерделеу жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күнімен 264 нысан заңдастырылды (Қызылорда қаласы – 101, Арал – 44, Қазалы–7, Қармақшы -13, Жалағаш – 15, Сырдария – 5, Шиелі – 4, Жаңақорған – 75), ал 115нысан заңсыз салынғаны анықталып, олардың меншік иелеріне жалпы 300 хаттама толтырылып (Қызылорда қаласы – 39/96, Арал ауданы – 23/50, Қазалы ауданы – 10/30, Қармақшы ауданы – 1/3, Жалағаш ауданы – 14/40, Сырдария ауданы – 11/33, Шиелі ауданы – 7/21, Жаңақорған ауданы – 10/28), 121 377 860 теңге айыппұл салынды.
Әліп Мәди Раманқұлұлы
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары