ЖАҢАРҒАН «ЖАППАСБАЙ БАТЫР»
Биыл аймақ басшысының қолдауымен облыс орталығының жол-көлік инфрақұрылымы қарқынды дамыды.
Соның бірі – Жаппасбай батыр көшесі. Жаңғырту жұмыстарынан кейін көше төрт жолақтыға кеңейтілді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы да салынып, жарықшамдар орнатылды.
Биыл 97 көшеге жол құрылысын салу, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 54 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Шет аймақтар мен ауылдарға басымдық берілген.
КЕҢЕЙТІЛГЕН «ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ»
Аймақ басшысының қолдауымен биыл Қожа Ахмет Яссауи көшесін қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Қожа Ахмет Яссауи көшесінің Ә.Бөкейхан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейінгі аумағын қайта жаңғыртуды мердігер мекеме «Қыран» ЖШС атқаруда. Ұзындығы 3 шақырымға жуықтайтын көше 4 жолақтыға ауыстырылып, толығымен жарықтандырылды.Сонымен қатар арық қазылып, жаяу жүргіншілер жолы төселіп, жарық шамдары орнатылды.
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ ДАҢҒЫЛЫ КЕҢЕЙТІЛУДЕ
Аймақ басшысының қолдауымен қаладағы басты жолдар мен көшелердің аясы кеңеюде. Соның бірі – Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылы. Бұл даңғылды қайта жаңғырту жұмыстары 27 тамыздан басталды.
Ұзындығы 6 711 метрді құрайтын жол екі жолақтыдан төрт жолақтыға ауыстырылды. Жұмысты атқарушы «УАД» ЖШС-гі.
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Биыл аймақ басшысының қолдауымен қаланың жол – көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 36 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа қала, кент және ауылдық округтердегі 99 көшеге орташа жол жөндеу, қайта жаңғырту, жол және көпір құрылыстарын салу жұмыстары жүргізілуде.
ЫСТЫҚ СУ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен, облыс әкімінің үйлестіруімен Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы Үкімет резервінен 11 млрд. теңге бөлінген болатын. Бұл жұмыстарды екі кезеңмен жүргізу жоспарланған. Бірінші кезең бойынша 187 үй орталықтандырылған ыстық сумен қамтылуда.
Тұрғындар тарапынан ыстық су жүйесіне қосылу жұмыстары шығынсыз, ақысыз негізде мердігер мекеме тарапынан жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Сол жағалаудағы көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады. Алдағы уақытта басқа да үйлер жоспарға сәйкес қосылатын болады.
ТАЗАРҒАН «ҚЫЗЫЛЖАРМА»
Аймақ басшысының тапсырмасымен Қызылорда қаласында каналдарды тазалау жұмыстары қарқын алуда. Солардың бірі – ұзындығы 9,5 шақырымды құрайтын «Қызылжарма» каналын арнайы техникалармен күл-қоқыстардан аршу, механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыстарға «КазСтройПроект» ЖШС-нің 2 арнайы техникасы мен 15 жұмысшы күші жұмылдырылған. Тазалау барысында атқарылатын каналдың түбін тереңдету, аясын кеңейту жұмыстары арнаның су өткізу мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді.
Осы канал арқылы Шанхай, КБИ, Коммунизм, Титов, Гагарин тұрғын аудандары мен Қызылжарма ауылдық округі аяқ сумен қамтамасыз етіледі.
КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТУДЕ
Аймақ басшысының қолдауымен биыл қаладағы көпқабатты 18 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтуде. Бұл жұмыстарға 1 млрд. 926 млн. теңге бөлінген.
Кешенді бағдарлама арқылы тұрғын үйдің инженерлік жүйелері, яғни ауыз су, кәріз, жылу, электр желілері жаңаланады. Көпқабатты үйдің сыртқы қасбеті әрленіп, шатыр мен подъезд іші жаңғыртылады. Бұл жұмыстар тұрғындардың келісімімен жүзеге асырылады.
54 КӨШЕГЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНУДА
Биыл қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда іргелі істер жалғасуда.
Бұл бағыттағы жұмыстардың бірі – жаяу жүргіншілер жолын салуға аймақ басшысының қолдауымен 2,3 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 54 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынуда.