Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы 2025 жылдың 12 айында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарды.
Қала аумағында 3 307 нысан есепке алынып, оның 907-сі жоғары тәуекел санатына жатқызылды. Жыл ішінде 139 нысанды тексеру жоспарланып, 99 нысанда профилактикалық бақылау жүргізілді. Нәтижесінде 781 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Жоспардан тыс 130 тексеру жүргізіліп, заң талаптарын орындамаған 8 нысанға әкімшілік хаттамалар толтырылып, 3 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.
2025 жылы қалада 177 өрт тіркелді. Келтірілген материалдық шығын 77,7 млн. теңгені құрады. Өрттердің басым бөлігі жеке тұрғын үйлер мен автокөліктерде орын алған.
Жыл ішінде 388 әкімшілік шара қолданылып, қоқыс өртеу және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу деректері бойынша айыппұлдар салынды.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде 653 ақпараттық материал жарияланып, білім беру мекемелерінде 55 түсіндіру сабағы өткізілді. 3 мыңнан астам оқушы мен мұғалім қамтылды. Алғаш рет жергілікті радиомен бірлесіп, қоғамдық көліктер арқылы өрт қауіпсіздігі туралы аудиохабарламалар тұрақты берілуде.

15 мыңнан астам жеке тұрғын үй араланып, 65 мыңнан астам тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік осал топтағы 5 245 отбасы толық қамтылып, 64 автономды түтін датчигі орнатылды.
Қалалық комиссияның 5 отырысы өткізіліп, 11 маңызды мәселе қаралды. Қауіпті учаскелерде арнайы су алу алаңдары (пирстер) жабдықталды.
Терезеден құлау деректері 7 жағдайды құрап, барлық оқиғалар бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілді.
Жыл ішінде 968 оқу-жаттығу ұйымдастырылып, төтенше жағдайларға дайындық деңгейі арттырылды. 1582 тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпті аймақтарға 56 ескерту тақтайшасы орнатылды. Дегенмен белгіленбеген орындарда 2 оқыс оқиға тіркелді.
2025 жылы басқармада 2 758 құжат қаралып, азаматтардан түскен 201 өтініш заңды мерзімінде орындалды.