Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын Қызылорда жастары жалғастырды.

Қала іргесіндегі ботаникалық саябақта ұйымдастырылған сенбілікке қала жастары, жастар ұйымдары мен «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері қатысып, 50-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды.

Аймағымызда мұндай игі істер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау және туған қаламызды жасыл желекке бөлеу – әрбір тұрғынның ортақ міндеті.

#ТазаҚазақстан #ЖасылҚызылорда