Арал аудандық сотында азамат Б-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Аудандық соттың 2024 жылғы 29 сәуірдегі қаулысымен азамат Б-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талаптар белгiленген.

Алайда, Б. ағымдағы жылдың 13 мамырында алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып, сонысымен мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Айта кету керек, жыл басынан бері аудандық сотта сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған тұлғаларға қатысты 18 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, әкімшілік жауаптылық түрлері белгіленген.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған