Шиелі кентіндегі Руханият орталығы ғимаратында «Ардагерлер кеңесі» және «Қоғамдық кеңес» мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің спикері – Шиелі ауданының әкімі Айтбай Насриддинұлы 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, 2026 жылға арналған жоспарлармен бөлісті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамалар кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, алдағы референдумның маңызы айтылып, оның ел дамуы үшін стратегиялық мәні түсіндірілді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, ардагерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Мұндай басқосулар қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мақсаттарға жетуге жол ашады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған