▪️Талап қоюшы өз талабында дронды пайдалану нұсқаулығына сай қолданғанына қарамастан, алғашқы іске қосу кезінде басқару ақауы байқалып, дрон қабырғаға соғылғанын, қайта сынақ кезінде де ақаулар анықталып, дрон өздігінен траекториясын өзгертіп, биіктіктен құлап сынғанын көрсеткен.
▪️Ауызша шағым жасағаннан кейін жауапкердің өкілі дронды ұқсас жаңа дронға айырбастауды ұсынған. Алайда, кейін алынған екінші дрон да жарамсыз болып шыққан.
▪️Осыған байланысты, талап қоюшы соттан дрон сомасын қайтаруды, моральдық залалды өндіруді және жауапкерді екі тауарды кері қабылдауға міндеттеуді сұрады.
▪️Сот дәлелдемелерді зерделеп, талап қоюшыға сапасыз тауар сатылғанын, заң талаптарының бұзылғанын анықтады.
▪️Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына 370 000 теңге сапасыз тауар құны және 20 000 теңге моральдық зиян өндірілді.
Қызылорда қалалық соты