Елімізде ізгілендірілген қылмыстық заң күшіне енді.Бұл сотталғандарға жасалып отырған жеңілдік. Бұл заң бойынша мынадай тұлғалар қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылады:
-қылмыстық теріс қылық немесе жеңіл қылмыс жасаған адамдар;
-залал келтірмеген ауырлығы орташа қылмыстар жасаған не оның орнын толық өтеген не азаматтық талап қойылмаған адамдар;
– залалдың немесе азаматтық талаптың болуына қарамастан ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік осал адамдар.
Сонымен қатар, рақымшылық қолданылмайтын тұлғалар төменде көрсетілгендей:
- сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағандар;
- терроризм қылмыстық жасағандар;
- экстремистік қылмыстар немесе экстремизм белгілері бар қылмыстар жасағандар;
- азаптауларды жасағандар;
- қайталап жасалған немесе қауіпті қайталанатын қылмысы үшін тағайындалған жазаға сотталғандар;
- өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылғандар, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар;
- қылмыстық топтың, ұйымдасқан топтың, қылмыстық ұйымның, қылмыстық қоғамдастықтың, трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық ұйымның, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың, террористік топтың, экстремистік топтың, банданың немесе заңсыз әскерлендірілген құрамның құрамында қылмыс жасағандар;
- жазасын өтеу кезінде қасақана қылмыс жасағандар;
- ауыр қылмыстар үшін сотталғандар рақымшылыққа ілінбейді.
Әрбір іс жеке тәртіпте сот арқылы қаралып, шешім қабылданады. Бұл автоматты түрде емес, заң аясында, нақты мән-жайларды ескере отырып жүзеге асырылады.
Рақымшылық туралы заң Қазақстанның қылмыстық-саяси бағытын ізгілендіруге, сотталған азаматтарды қоғамға бейімдеуге және қылмыстық-атқару жүйесінің жүктемесін азайтуға бағытталған. Бұл заң Конституцияның 30 жылдығына орай қабылданған.
Аталған Заң алғашқы ресми жарияланған сәтінен бастап, яғни 2025 жылғы 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан бергі оныншы рақымшылық.
Рақымшылық жасаудың негізгі мақсаты-қылмыстық саясатты ізгілендіру және қоғамға айтарлықтай қауіп төндірмейтін сотталғандар санын азайту.
Сондай-ақ рақымшылықтың, ең алдымен, әлеуметтік тұрғыдан осал санаттарға бағытталуы – бұл бір мезгілде мейірімділік қағидатын жүзеге асыруға және түрме жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Б.Қалдыбаев
Жаңақорған аудандық сотының бас маманы