Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотталушы З.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы З. жәбірленушілер Н. Ұ. Ж.-ны алдап, жетімдерге және көп балалы аналарға екі бөлмелі пәтердің заңды құжаттарын өзі рәсімдеп, мемлекеттен тегін алып бере алатынын жалған айтып, олардың сенімдеріне кіріп, жәбірленушілерден жалпы сомасы 832000 теңге ақшаларын алаяқтық жолмен иемденген.

Сотталушының кінәсі іс құжаттарымен және өзінің жауабымен толық дәлелденген. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстық әрекет  ауыр қылмыстар санатына жатады. 

Сот үкімімен  З. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4 тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге  бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген.

Жалағаш аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған