2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,73 трлн. теңгеден асты.12 айда 4,56 трлн. теңгеге немесе 21,5%-ға артты.

2025 жылдың 1 қазанында міндетті зей­нетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,40 трлн. теңге. 12 айдағы өсімі – 19,8%.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 726,94 млрд. теңге, 12 айдағы өсім – 15,6%.

Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім–32,8%ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі – 9,47 млрд. теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнет­ақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1қазанына 596,18 млрд. теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.

2025 жылдың 9 айында салымшылардың шоттарына 2,37 трлн. теңгемөлшерінде зейнет­ақы жарналарытүсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17,8%-ға немесе 356,75 млрд. теңгеге артық.

МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қазанына дейін1 937,66 млрд. теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,97%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,69 млрд. теңге (өсім –19,1%), ЕЗЖ – 1,82 млрд. теңге түсті. 2025 жылдың 9 айында ЖМЗЖ 326,02 млрд. теңгені құрады.

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылдың 9 айында БЖЗҚ-дан жарна­лардың барлық түрлері бойынша жасалған төлем­дер мен сақтандыру ұйымдарына ауда­рым­дар 1 368,27 млрд. теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 1,6 есе немесе 508,31 млрд. теңгеге көп.

Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағ­дайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) енші­сінде – 823,82 млрд. теңге.

Зейнет жасына толуына байланысты төлем­дер 12 айда 23,43% ұлғайып, 01.10.2025ж. 181,81 млрд. теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 691 теңге. 

Жыл басынан бері 01.10.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 50,49 млрд. теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 32,60 млрд. теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,33 млрд. теңге, жерлеуге – 8,03 млрд. теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 269,19 млрд. теңге аударылды.

Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны

2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,97 млн. бірлік (12 айдағы өсім–1,17 млн. бірлік немесе 7,0%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қазанына12,66 млн. бірлік болды. Оның ішінде: 11,25 млн.- МЗЖ бойынша, 752,27 мыңы – МКЗЖ бойынша, 460,13 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, бір жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді шот болып есептеледі. 2025 жылдың 9 айында МЗЖ 6,91 млн. ЖЗШ-ға түсті, бұл осы жарналар енгізілуі мүмкін 10,04 млн. ЖЗШ-ның 68,8% құрайды. Бұған сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ашылған шоттар мен есепті кезең ішінде ашылған жаңа шоттар кіреді. Бұл санға елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинағын алу туралы өтінішпен жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақ­тарына мұрагерлік ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға аударылған әскери қызметшілердің және шот­­тарына қазақстандық заңнамаға сәйкес жарна­лар түспеуі керекбасқа да санаттағы салым­шылардың (алушылардың) шоттары кірмейді.

Ал БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны –  5,32 млн бірлік. 

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған