Елді-мекендер аумағында құрғақ шөп пен қоқыстың тұтану жағдайларының саны айтарлықтай артып келеді.
Жанудың себептерi –қоқысты, құрғақ шөп, мал азығының қалдықтары, темекі тарту, электр жылытқыш құралдарды пайдалану, пеш жағу, әр түрлі уақытша металл пештерді қолдану, құрылыстар жанында алауларды жағу болып табылады, нәтижесінде от ауқымды көлемге таралып, шығындарға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі Ережелерінің талаптарына сәйкес қоқысты жағу тек ашық аумақтарда желсіз күндерде әр түрлі ғимараттар, құрылымдар және сақталған материалдардан 50 метр қашықтығында және алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіш, су) бар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөп пен жапырақтардан тазалануы керек және тек күндізгі уақытта, тұрақты бақылау болған жағдайда ғана жағылуы қажет. Қоқыс жағылғаннан кейін отқа су құйылып мұқият өшірілуі тиіс. Өшірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Көбінесе азаматтар жоғарыда баяндалған ережелер талаптарына назар аудармайды, нәтижесінде өртке себеп болуы мүмкін.
Ескертемiз, өрт қауiпсiздiгі ережелерiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабына сәйкес жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы