Қазіргі таңда интернеттің кеңінен дамуы адамдардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, түрлі кибер қылмыстарға жол ашты. Соның ішінде интернет-алаяқтық ерекше өзектілікке ие. Азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін сақтау және қоғамда цифрлық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық ілгерілету жұмыстары маңызды рөл атқарады.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық ілгерілету жұмыстарын жүргізу.

Біріншіден, әлеуметтік желілерде жүйелі ақпарат тарату қажет. Facebook, Instagram, TikTok, Telegram секілді платформаларда алаяқтық түрлері мен олардан қорғану жолдарын түсіндіретін бейнероликтер, инфографикалар және қысқа мәтіндік хабарламалар жариялануы тиіс.

Екіншіден, дәстүрлі БАҚ-ты пайдалану маңызды. Теледидар мен радио арқылы ескерту сипатындағы бейнероликтер мен бағдарламалар ұйымдастыру, сондай-ақ республикалық және аймақтық газеттерде түсіндіру мақалаларын жариялау алаяқтықтың алдыналуға ықпал етеді.

Үшіншіден, білім беру мекемелерінде ақпараттық тренингтер өткізу керек. Мектеп пен жоғары оқу орындарында кибер қауіпсіздікке арналған ашық сабақтар ұйымдастыру жастардың саналы интернет қолданушы болуына көмектеседі.

Ақпараттық ілгерілету жұмыстарын жүргізу шеңберінде қоғамға қолжетімді әрі түсінікті тілде ақпарат жеткізу аса маңызды. Интерактивті форматтарды қолдану – онлайн-викториналар, анимациялық бейнелер, подкасттар арқылы аудиторияның қызығушылығын арттыруға болады. Сонымен бірге, танымал блогерлер мен қоғам белсенділерін тарта отырып, «сенімді тұлға» арқылы ақпарат жеткізу тәсілі тиімді нәтиже береді.

 Интернет-алаяқтықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ақпараттық ілгерілетуге негізделген жүйелі жұмыстар азаматтардың санасын арттырып, олардың қауіпсіз интернет кеңістігінде өмір сүруіне жағдай жасайды.

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған