Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылғы 25 қыркүйекте облыстық азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесе отырып, Қызылорда қаласындағы Белкөл станциясында «Теміржол көлігімен қатты әсер ететін улы заттарды тасымалдау кезіндегі қауіпті жүктердің төгілуіне байланысты туындаған төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу өткізеді.
Сабырлылық сақтауларыңызды және үрейге берілмеулеріңізді сұраймыз!
Қызылорда облысы ТЖД