Облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясы және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп баға­ланады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір деңгейде.  Бақылау дең­гейлерінен арту анықталған жоқ. Жалпы ЖРВИ-ге шалдыққандардың 63,1 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалардың үлесін­де. Ал ауруға шалдыққандар арасын­да ауруханаға жатқызылғандар саны 5 пайызды құрайды.

Елімізде тұмау вирусының айналымына эпидемиологиялық қадағалау мақсатында 1 қыркүйектен бастап апта сайын, 1 қазаннан бастап күн сайын мониторинг жүргізілуде.

Республика аумағында, сондай-ақ об­лыс­та тіркелген тұмаудың түрі – А типті (H3N2) гонконг тұмауы – бұл жаңа вирус емес, маусымдық тұмаудың бұрыннан белгілі түрі және жыл сайын айналымда болады. Дегенмен, ол халықтың әлсіз топтары үшін қауіпті саналады және адамдар арасында тез таралуымен, аурудың ауыр ағымда өтуімен ерекшеленеді. Басты алдын алу жолы – вакцинация.           

Тұмау ауруының алдын алу мақсатында ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес 2025-2026 жж. эпидмаусымға жергілікті бюджет есебінен 85 006 доза вакцина сатып алынып, тиісті контингенттер толық егілді.

Апта сайын өзімнің басшылығыммен штаб отырыстары өткізіліп, тиісті тапсырмалар берілуде.

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында 124 сүзгі каби­­нет­тері, 52 ішек инфекциясын алдын-алу үшін ПОР кабинеттері, білім беру ұйым­дарында термометрия, ЖРВИ бел­гілері бар оқу­шы­ларды оқшаулау жұмыс­тары атқары­луда, емханалардағы мобиль­ді бригада қыз­меті түнгі сағат 00:00-ге дейін ұзартылды, 75 жедел медициналық жәрдем бригадалары 81-ге дейін көбейтілді.

200 төсекке арналған қайта жаңғыртудан өткен Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, қосымша 100 төсек-орынға кеңейтілді. Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында жоспарлы емге қабылдайтын бөлімшелер жұмысы уақытша тоқтатылып, пульмонология бөлімшесі 80 төсекке кеңейтілді.

Қажетті қорғаныш құралдары мен дәрілік препараттар қоры жеткілікті.

Мая Мирзанова

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған