Елордалық құтқарушылар прокуратура өкілдерімен бірлесіп жағажай аймақтарының «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуде.

Мақсаты – суға жақын демалыс орындарының шомылу маусымының басталуына дайындығын бағалау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Жағажай аумақтарының жай-күйін, су акваторияларының түбін барлау жұмыстары жүргізілуде, актілер жасалып, анықталған бұзушылықтарды жою үшін жағажай иелеріне тиісінше ұсынымдар берілуде.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған