Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты электрондық жазбаны мейлінше кеңінен қолданып келе жатқан мемлекеттік мекемелердің ішіндегі ең үздіктерінің бірі десек, еш артық айтқандық болмас, өйткені қарапайым халық сот мекемелеріне кез-келген уақытта электронды интернет жүйесі арқылы өз істерінің қай сатыға келгенін, оларды қарау тәртібімен және сотқа келмей-ақ өз арыз-шағымдарын жолдауға мүмкіндіктері бар.
Бүгінгі күні сот жүйесіндегі жаңашылдықтардың бірі электронды талап –арыз сотқа Электронды Үкімет порталы арқылы беріледі. Ол үшін арнайы берілген үлгіні толтырып, жауапкердің тіркелген немесе тұрғылықты мекен-жайы бойынша аудандық немесе оған теңестірілген қалалық соты таңдалып, арыз мазмұнын, істің дәрежесін және мемлекеттік баж салығының көлемін көрсету қажет. Үлгіні толтырған соң, талап қоюшы электрондық құжат нысанында талап-арыздың және құжаттардың басқа да көшірмелерін қоса тіркеп, талап-арызға өзінің электронды-сандық қолтаңбасын қояды, одан соң талап-арыз сотқа жолданады.
Бұл электрондық нұсқада берілген талап-арыз сотқа жіберілген соң, бірер минутта ол тиісті сотқа түсіп, тіркеуге алынады. Осы талап-арыз тиесілі сотқа тіркелген сәтте, талапкерге электрондық бақылау жүргізуге логин мен пароль беріледі. Еліміздің Жоғарғы Сотының ресми сайтында осы логин мен пароль арқылы іспен ыңғайлы таныса алады.
Сонымен қатар, электрондық талап-арыз Сотқа түскеннен кейін қабылданғандығы немесе кейін қайтарылғандығы туралы хабарлама арыз иесіне электрондық портал арқылы немесе sms хабарлама арқылы ескертіледі.
Кез-келген Қазақстан Республикасының жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) бар азаматы «ЭСҚ»-ны алуға және қажетті жерінде оны пайдалануға құқылы. Қазақстандағы және әлемдік «ЭСҚ»-ны пайдаланудың тәжірибесі көрсетіп отырғандай оның жасанды көшірмесін жасау мүмкін емес, себебі «жабық кілт» құпия сақталады және оның мәліметтері тек иесіне ғана белгілі болады. Одан басқа ешкім электрондық қолмен құжатқа қол қоя алмайды.
«Төрелік» ақпараттық жүйесі туралы айтатын болсақ, бұл сот саласындағы жетістіктердің бірі. Тәуелсіз елемізде ақпараттық технологиялардың қолданылуы ілгері жылжып келеді. Бүгінгі күні еліміздегі көптеген мемлекеттік органдар іс жүргізудің озық технологияларын, электронды құжаттар айналымын пайдаланады. Бұл игі істерден соттарда тыс қалмай, іс жүргізуде соттармен арадағы құжат айналымы мәселесі бірте-бірте қағаздан электрондық форматқа ауыстырылды. Құжаттардың сауаттылығы, түсініктілігі, ұқыптылықпен дайындалуы халықтың сот жұмысын бағалауына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «жаңа сот атілерінің банкі», «сот кабинеті», «Е-өтініш» сервисі секілді соттардың тұрғындармен өзара іс-қимылын орнатуға және сот ісін жүргізуді жеңілдетуге бағытталған біріңғай терезе рөлін атқарады. Сот ісін жүргізу жүйесіне ақпарттық технологияларды енгізу сот органдары қызметінің ашықтығын, сот жүйесі мен сотқа қатысушы адамдардың уақытысы мен материалдық шығынын үнемдеуді қамтамасыз етеді.
Сөз соңында біздің айрықша айтқымыз келгені, осындай үрдісті және қарқынды даму жолында еліміздің ары қарай қарыштап дамуы үшін электронды модельге көшу біз үшін де және ел үшін де аса қажеттілік деп есептейміз.
Б.Алжанова
Қызылорда қаласының №2 сотының бас маманы