2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз учаскесін келесі тәсілдер бойынша таба алады:

1. Egov mobile, екінші деңгейлі банктер (Kaspi Bank, Halyk Bank) және байланыс операторларының SMS-хабарламалары сияқты ресми дереккөздерден жіберілетін сілтемелер арқылы немесе төменде жарияланған QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар сайттың арнайы бөліміне өтіп, онда ЖСН енгізу арқылы өз референдум учаскесін анықтай алады.  

https://www.gov.kz/referendum?lang=kk https://referendum 2026.gov.kz/kk https://referendum.gov.kz/kk   2. Тұрғылықты жері бойынша тиісті елді мекен әкімдігінің    Сall-орталығына хабарласып, дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақтылауға болады. Call-орталықтардың нөмірлері әкімдіктердің интернет ресурстарында қолжетімді. Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған