Бюджет кодексі (немесе Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі) – мемлекеттегі барлық деңгейдегі бюджеттерді жоспарлау, бекіту және орындау үдерісін реттейтін негізгі құқықтық құжат болып табылады. Ол елдегі бюджет жүйесінің қағидаларын, құрылымын және бюджеттік қатынастардың тәртібін айқындайды.
Бюджет заңнамасына байланысты туындайтын даулар әдетте бюджеттік қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмауынан немесе бюджеттік рәсімдердің бұзылуынан пайда болады. Мұндай жағдайлар көбінесе бюджеттік құжаттарды бекіту кезеңінде немесе бюджеттік бағдарламаларды орындау барысында келіспеушіліктерге алып келеді.
Қаражатты тиімсіз пайдалану – бюджеттік заңнама бұзушылықтарының жиі кездесетін түрі. Мысалы, бюджеттік қаржылар мақсатсыз бағытта жұмсалуы, я болмаса есептілікте дұрыс көрсетілмеуі, заңнамалық талаптарға қайшы келуі мүмкін.
Бюджеттік құжаттарда көрсетілетін түсімдер мен шығыстардың көлемі, олардың нақты бағдарламаларға бөліну тәртібі де келіспеушіліктер тудыруы ықтимал. Әсіресе, мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктер шегін анықтау кезінде қаражат бөлу мен жұмсау мәселелері күрделі сипат алуы мүмкін.
Жергілікті және республикалық бюджеттер арасында туындайтын даулардың негізінде трансферттер, субвенциялар немесе мақсатты трансферттерге қатысты сұрақтар жатады. Бұл тұрғыда жергілікті бюджеттердің дербестігі мен республикалық бюджеттен қаржылық тәуелділігі арасында тепе-теңдік сақтау маңызды рөл атқарады.
Қазақстандағы бюджет жүйесі республикалық, жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) және жиынтық бюджеттерден тұрады. Республика бюджетін Қазақстан Республикасының Парламенті бекітеді.
Ұлттық қор бюджет жүйесіне қатыса отырып, оның кірістері мен шығыстары жиынтық бюджетке енгізіледі. Қор қаражатының пайдаланылуы заңнамалық шектеулерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс, әйтпесе бұл даулардың туындауына себеп болады.
Бюджеттік ресурстарды бөлуге қатысты пікір қайшылықтары мемлекеттік органдар арасында да жиі байқалады. Нақты жобалар мен бағдарламаларға қаржы бөлу мәселесінде түрлі көзқарастар жанжалдарға себеп болуы мүмкін.
Бюджеттік құжаттарды әзірлеу барысында Парламент депутаттары мен Үкімет арасында бағдарламалар мен кіріс-шығыс көрсеткіштері бойынша келісілмеген мәселелер де дау тудыра алады.
Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін бюджет заңнамасын қатаң сақтау, ашықтық пен есептілік принциптерін ұстану қажет. Бұл – бюджеттік қатынастардағы сенімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты жолы.
Жалпы халықтың бюджет процесіне қатысу деңгейін арттыру, бюджет құжаттарының қолжетімділігі мен жариялылығын қамтамасыз ету – құқықтық мәдениеттің бір көрсеткіші ретінде маңызды орын алады.
Бюджет саласындағы келіспеушіліктердің бір бөлігі қаржылық басқарудың әлсіздігінен, ақпараттың жетіспеушілігінен немесе саяси ымырасыздықтан туындайды. Мұндай қайшылықтардың алдын алу үшін бюджеттік үдерістегі барлық тараптар заң талаптарын мүлтіксіз орындауы, басқарудың тиімділігін арттыруы және бір-бірімен сындарлы диалог орнатуы қажет.
Қ. Бержанов
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы