Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек». Осы ұстанымды жүзеге асыру аясында елімізде жастардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру бағытындағы шаралар жүйелі түрде қолға алынуда.

Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Құқықтық IQ BATTLE» интеллектуалды сайысы мен «Саналы ұрпақ таңдауы» квест ойыны өткізілді.

Шаралардың басты мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң нормаларын білуге деген қызығушылығын күшейту, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» қағидасын жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады.

Әр команда өз білімін сынап, құқықтық мәдениет деңгейін көрсетумен қатар, топтық жұмыс, логикалық ойлау және шешім қабылдау қабілеттерін танытты.

Сайыс барысында студенттер заңға қатысты логикалық тапсырмаларды орындап, нақты жағдайлар бойынша дұрыс шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Әр кезеңде командалар жылдамдық, ой ұтымдылығы және құқықтық білім деңгейі бойынша бағаланды.

Интеллектуалды сайыс

1 орын – «Дәрімен, дәрі-мен» командасы, Қызылорда медициналық жоғары колледжі;

2 орын – «Тұғыр» командасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті;

3 орын – «Жүрек дерті» командасы, Болашақ медициналық жоғары колледжі.

Квест ойыны

1 орын – «Қорқыт жастары» командасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

2 орын – «Бір толқын» командасы, Болашақ жоғары колледжі

3 орын – «Жастар ойы» командасы, Абылай хан жоғары колледжі

Сайыс қорытындысы бойынша үздік командалар ынталандыру сыйлықтарымен, алғыс хаттармен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздар құқықтық сауаттылық, белсенділік және тапсырмаларды дұрыс орындау көрсеткіштері бойынша анықталды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған