Партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева «Сәулет» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, партияның қалалық филиалында жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндады.

Бүгінде қала бойынша 12809 партия мүшесі қамтылған 40 бастауыш партия ұйымында 270 топтық ұйым жұмыс жасайды.
Жол картасы бойынша 122 іс-шараның 82 Қызылорда қаласына қатысты. Оның 59 (72%) орындалды, 23 (28%) шара орындалу үстінде.

Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 863 өтініш тіркелген. Оның 638 (74%) оң шешім тапты, 225 (26%) мәселе бойынша түсіндірме жұмыстары жасалып, кеңес берілді.
Партиялық бақылау комиссиясының 9 отырысы өтті, 20 мәселе қаралды, 22 ұсыныс көтерілді.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 612,8 млн теңгеге 56 жоба лимит түрінде көзделген. Алғашқы лекте 142,1 млн. тг. құрайтын 16 жоба қаржыландырылды. Жұмыстар жалғасуда.

«Жер аманаты» бойынша жопарланған 375 га жер телімінің орнына 842 га (224,5%) қайтарылды.

9 айда бекітілген жоспарға сәйкес 188 шара өткізіліп, 3 692 адам қатысты. Оларда әрбір страталарды қамтитын Партиялық жобалар да насихатталып, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды.

«Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша 1822 адам қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өтті.

Кездесуде Гүлшат Исақызы бастауыш партия ұйымдарының көмегімен жүзеге асқан «Баланы мектепке даярлайық» акциясының маңыздылығына тоқталып, партиялық жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып жүрген партия мүшелеріне ризашылығын білдірді.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған