Cонау сонау жылдарда Ғажайып атты патшалық өмір сүріпті. Патшалық ғажайып десе ғажайып, атына сай патшалықта барлығы таңқаларлықтай, таңданарлықтай болған екен. Патшалықтың тұрғындары да шетінен еңбекқор, мейірімді, тәртіпті, қамқор, бауырмал болған. Бәрі де бір-біріне туған- туыс, ағайын болып, бауыр басып кеткен екен. Бұл патшалықта таңқаларлық ештеңе болмағанымен, патшалықтың Ғажайып аталуы тұрғындардың бір-біріне деген ғажайып қарым-қатынасы негізінде айтылған деседі.

Бұл патшалықта әр аптаның әр күні жақсылықтың жаршысы негізінде жасалған. Дүйсенбі – мейірім күні, барлық тұрғындар бір-біріне қонаққа барып, жылы лебіздері мен тілектерін айтатын күн. Сейсенбі – еңбек күні, тұрғындар бір-бірін шақырып, үйлерінде бітпей жатқан шаруаға көмек қолын созатын күн. Сәрсенбі – спорт күні, тұрғындардың барлығы алаңға жиналып, спорттық жаттығулар жасап, спорттық шаралар ұйымдастырады. Бейсенбі күні – Тазалық күні, тұрғындардың барлығы патшалықтағы үй тұрғындарының тазалығына атсалысады. Жұма күні – қайырымдылық күні. Бүкіл тұрғындар жалғызбасты, қарт кісілерге қайырымдылық жасайды. Сенбі – денсаулық күні, тұрғындар бір-біріне дәрі дәрмектер, дәрумендер таратады. Жексенбі – ғажайып күні, бұл күні тұрғындар бір бірінің армандарын орындайды, тосын сыйлар жасайды.

Ғажайып патшалықтың патшасы Салауат есімді патша. Ол өзі де еңбекқор, әділ, батыл, салауатты өмір салтын ұстанатын патша болған екен. Осы патшалықтың ерекшелігін көре алмайтындар да көп екен. Қастық ойлап, жамандық тілеуші патшалықтардың бірі – Нашақорлық патшалығы. Қайтсем осы патшалықты уласам, жойсам деген ой Зұлым патшаға маза бермейді екен.

Салауат патшаның күн десе көзі, ай десе аузы бар Саулық деген қызы бар екен. Қаншама патшалықтан қызға көзі түссе де, қыз ешқайсынына көңілі бұрылмапты деседі. Сол қыздан үміттілердің қатарында Салауат патшаның қанша жыл адал қызмет жасаған, патшаның серігі болған қолбасшысы да бар екен. Күндердің бір күнінде қолбасшысы келіп:

– Мен сізге қаншама жыл қызмет жасадым, сенімді серігіңіз болдым. Маған Саулықты жар етіп беріңіз,- деп сұрайды. Салауат патша ұзақ ойланып, қызымен сөйлесіп, оны көндірмек болады.

Саулық:

– Әке мен өз қалауымдағы адамды кездестірмедім, сіз маған неше жыл ана орнына ана, әке орнына әке болдыңыз. Соңғы өз қалауым болсын, әйтпесе мен патшалықтан кетемін, – дейді.

Әбден басы қатқан патша қызының тілегіне қарсы шыға алмай, қолбасшыны шақыртып, қызының келіспегенін айтады. Айтқаны болмаған қолбасшыны ашу, ыза билеп, патшалықтың бәріне өкпелі күй кешеді.Бойындағы ашуы көзін байлап, кек алуды ойластырып, Нашақорлық патшалығына барады. Нашақорлық патшалығындағы Зұлым патшаға барлық болған жайтты баяндап, ол құшақ жая қарсы алып, екеуі бірігіп жоспар құрады. Зұлым патша улы шөпті егетін ыңғайлы жер дайындауын сұрап, қолбасшыны қайтарады. Қолбасшы патшалыққа келіп, түк болмағандай қызметін жалғастырады.

Күндердің күнінде егін егетін уақыт та келіп, улы шөп тұқымы патшалыққа жеткізіліп, қолбасшының ықпалымен жасырын егіледі. Іс біткенін естіген Зұлым патшаның бойын қуаныш кернеп, бақытқа кенелді. Біраз уақыт өткеннен кейін Ғажайып патшалығында егістік жайқалып, арасында хош иісті беймәлім шөп пайда болады. Егістіктегілер оның не екенін білмей, тек еліктіріп әкететін иісіне тамсанып, кейбірі дәмін татып, барлығы мас күйге енеді. Ауыл тұрғындарының барлығын дерлік сол хош иіс егістікке қарай шақырып, өзіне еліктіріп, егістікке келушілердің саны артты. Ауылдағы бірлік, береке, тірлік барлығы қалыс қалып, тұрғындардың барлығы сол хош иістің жанынан табылды.

Қаншама жыл егін алқабында жүрген Дәрумен атты егінші жігіт бұл жайтты түсінбей, зерттеуге кіріседі. Бірдеңе білсе, көп көрген қария біледі деп, шөпті алып, патшалық шетіндегі қарияға жол тартты. Қарияның үйіне жетіп, егінші жігіт шөпті ұсынғанда, қария басын шайқайды. Бұл патшалықты жоятын құрал, – дейді. Оның аты Есірткі деп, барлығын Дәруменге түсіндіреді. Осыны естіп Дәрумен қарияны ертіп, Салауат патшаға барады.

Патшаға барып, патшалығымызға қауіп төніп тұр. Бұл хош иіс өзіне еріксіз еліктіретін Есірткі деген шөп. Бұл құрдымға алып келеді патшалықты. Тез көзін жоюмыз керек,- дейді. Салауат патшаның басы қатып, қайдан келгенін анықтамақ мақсатта патшалықта жиналыс жасайды. Еште ңе анықтай алмай ашуға булыққан патша қолбасшыға ұрысады: Сен неге білмейсің? Патшалықты қорғау сенің басты міндетің! Бұл қайдан келген?

Өзінің қателігін түсінген қолбасшының басы салбырап, Зұлым патшамен бірігіп, осы хош иісті есірткінің патшалыққа енуіне жол бергенін мойындайды. Патшаның аяғына жығылып, кешірім сұрайды. Салауат патша: Мен сенен мұндайды күтпедім. Патшалыққа қауіп төндіретін адам менің қолбасшым бола алмайды деп қолбасшы патшалықтан қуылады. Патша егінші жігітке егіс алқабындағы барлық есірткіні жоюды тапсырады. Патшалық тұрғындарына жиналыс жасап, халықты бұл шөптен аулақ болуға шақырады.

Егінші жігітті жиналыста байқаған патшаның қызы Саулық оны ұнатып қалады. Ал патшалықтан қуылған қолбасшы Нашақорлық патшалығынан пана іздейді. Зұлым патша: Сен қанша жыл бірге қызмет жасаған серігіңді, сені құрмет тұтатын халқынды саттың, сенің маған адал қызмет жасайтынына сенбеймін деп қайтарады. Қолбасшы басы ауған жаққа кете барады.

Нашақорлық патшалығының тұрғындары Зұлым патшаның іс әрекетіне налып, барлығы Ғажайып патшалығын паналайды. Солай Зұлым патшаның патшалығы ыдырайды. Ал Ғажайып патшалығы есірткіні түп тамырымен жойып, патшалық баяғы ғажайып күйге енеді. Сойтіп патшалықта зиянды әдеттерге, есірткіге, шылымға тыйым салатын заң пайда болды. Патшалық тұрғындары денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанатын, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстайтын тұрғындарға айналады. Бұл Ғажайып патшалығының даңқы жер асып, көп патшалыққа үлгі болады.

Ділмұхамед МЕДЕТ

 Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылы 33 орта мектеп 10 сынып оқушысы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған