Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал  даналығы қазіргі заманмен үндес. Абай шығармашылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, өзіңді өзің талдап тазаруға итермелейді.

Кемеңгер бейнесі көптеген аса көрнекті ақындар мен жазушылардың, суретшілердің назарын аударып келеді. Ұлы ақын өз дәуірінің ар-ожданы болған сол кезеңдегі қазақ қоғамдық ойы мен әдебиет Абай есімімен тығыз  байланысты болады.

Абайдың алғашқы өмірбаянын Алаш қозғалысының көшбасшысы, белгілі экономист, тарихшы, әдебиетші, публицист, журналист, аудармашы Әлихан Бөкейханов жазған болатын.

Абай Құнанбаев Семей облысының қазағы, руы Тобықты. Абай 1845 –ші жылы 23 тамызда туылған. Жылы жылан. Анасы Ибраһим деген есімін  Абай деп өзгерткен екен. Абай 10 жасынан 13 жасқа дейін  қырда мұсылманша оқыған. 13 жасқа шығарда Семейде Ахмед Ризаның медресесінде  оқыған. Медреседе оқып жүргенде 3 айдай орысша оқыған. 4 жыл мұсылманша оқып, 3 ай орысша  оқып, сонымен оқуды  қойған. 15 жасында –ақ балалық қылмай үлкендердің қатарына  кіре бастаған. 20 жасында  ел ішіндегі белгілі бір шешені атана бастаған. Зеректікпен естігенін  ұмытпаған.

Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі,  көсемдердің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды әзілдер, мақалдар,  мысалдар сияқты нәрселерді Абай көп білген екен.

Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың  атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Адам болу мәселесі сонау тар қаппас заманда  дүниеге келген  ұлы Абайды ерекше толғандырған. Міне сондықтан да ақынның ғылым, білімге шығарған  өлеңдері бүгінгі күнге дейін  маңызын жоғалтқан емес. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба, «Білімдіден шыққан сөз», «Әсемпаз болма әрнеге» атты өлеңдерінің негізгі идеясы мен мақсаты-Абайдың  ұрпақ  тәрбиесіне  арналғанын көреміз.

Абай Құнанбаев тірі күнінде  өз кітаптарын көрген жоқ, алайда оның шығармашылық дәстүрін жалғастырған рухани шәкірттері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов оның әдеби мұрасының бүкіл жер шарына  таралуына ықпал етті.

Абай шығармаларында өмірдің әр-алуан жақтары қамтылған. Ақынның көтерген негізгі мәселесінің бірі өз тұсындағы  жұртшылық кемшілігін  сынға алу болған.

А.Нысанбаева

Жаңақорған аудандық сотының бас маманы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған