Елге үшінші елдерден, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен тауық жұмыртқасын әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салынды.

Ауыл шаруашылығы енгізген уақытша тыйым 9 сәуірден бастап күшіне енді.«Жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді», — делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетері, тыйым Қазақстан аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитіне қолданылмайды.

Дереккөз: @sputnik_aitady

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған