2024 жылдың 5 маусым күні 8 сағат 5 минут өткенде Қызылорда қаласы Титов қыстағы N9 “А” мекенжайда жеңіл автокөлік өртенуде деген хабарлама түсті. Аталған мекенжайдағы 3 қабытты тұрғын үйдің ауласында ашық алаңда DAEWOO NEXIA жеңіл автокөлігі толығымен жанды. 8 сағат 18 минут өткенде өрт толық жойылды. Салдарынан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өртті өшіруге 4 қызметкер мен 1бірлік техника жұмылдырылды.

Қызылорда облысы ТЖД

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған