Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2025 жылдың
1 мамырына дейін Қызылорда облысының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына
99,5 млрд. теңге аударған, оның 58,3 млрд. теңгесі жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 41,2 млрд. теңге жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы хабарлады.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда делінген хабарламада.