Бүгін Жалағаш ауданы аумағындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Наркескен» спорт клубы спортшыларымен кездесу өтті. Іс-шара барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, оның қоғам дамуына ықпалы талқыланды.

Кездесуге коалиция мүшелері Асхат Ахметжамиев, Айқын Жақсылықова, Гүлсім Қаюпова, Марзия Кенжеғұлова және Асылбек Тәуіпбаев қатысты. Олар ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнына тоқталып, құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, жастар саясатын дамыту және бұқаралық спортты қолдауға құқықтық негіз қалыптастыру мәселелері қарастырылғанын атап өтті.

Жиында жастарды қолдау, олардың әлеуетін дамытуға жағдай жасау бағытындағы нормалар туралы да айтылды. Қатысушылар спорт саласының дамуы мен жас спортшыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында спортшылар өз ұсыныстарын білдіріп, сауалдарына жауап алды. Іс-шара соңында қатысушылар қоғамдағы өзекті бастамаларға белсенді қатысу мәселесін көтерді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған