Қармақшы ауданында аумақтық коалиция өкілдері энергетика саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Басқосуға коалиция жетекшісі Әділ Қошалақов және коалиция мүшелері қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен онда көзделген өзгерістер туралы ақпарат берілді. Әсіресе адам құқықтарын қорғау, еңбек саласындағы кепілдіктер, әлеуметтік қолдау тетіктері және заң үстемдігін нығайту мәселелеріне назар аударылды.

Коалиция жетекшісі Әділ Қошалақов өз сөзінде Конституция жобасы қоғамдық талқылаулар нәтижесінде әзірленгенін атап өтті. «Бұл құжатта түрлі сала өкілдерінің, соның ішінде еңбек адамдарының ұсыныстары ескерілді. Энергетика саласы – ел экономикасының маңызды бөлігі. Сондықтан сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз да маңызды», – деді ол.

Кездесу барысында сала қызметкерлері өз ойларын білдіріп, бірқатар сұрақтар қойды. Ұйымдастырушылар олардың сауалдарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған