Бүгін партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева «Шипагер» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, партияның қалалық филиалының жыл басынан бері атқарған жұмыстарын талқылады. Соның ішінде, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларының іске асуын баяндады.

Жалпы, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жыл басынан бері 16 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. Ал «Жер аманаты» жобасы аясында игерілмей жатқан жайылымдық жерлердің 842 га қайтарылды.

Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында жыл басынан 1961 азамат 30 лекте қаржылық сауаттылығын арттырды.

Жиында партия мүшелері тарапынан «Ауыл аманаты» жобасына қатысты сауалдар жолданды. Соның ішінде, тұрғындарға аталмыш жобаның тиімділігін түсіндіру, несие алу жолдарына қатысты сұрақтар қойылды.

Өткен жылы, партияның қалалық филиалының ұйымдастыруымен қалаға қарасты кент пен ауылдық округ тұрғындарына арнап ашық есік күндері ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар, «Байқоғыр ӘКК» және ауылшаруашылығы басқармасының өкілдері қоғамдық қабылдау жұмыстарын ұйымдастырды.

Кездесуде Гүлшат Исақызы фракция мүшесі ретінде атқарған жұмыстарын да баяндап, партия мүшелерімен пікір алмасты.

#AMANAT

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған