Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілерге байланысты  талаптарды  қатаңдатқаны  бәрімізге  белгілі.

     Қазіргі қоғамда  қызу пікірталас тудыратын өзекті мәселелердің бірі-ол мас  күйінде көлік құралын жүргізу болып  табалады.

     Осы  мас күйінде  көлік жүргізетін жүргізушілер жөнінде талай  айтылып та,  жазылып та келеді, алайда шығар қорытынды  көрінбейді.

      Мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілер үшін жаза күшейтілгеніне қарамастан, құқықбұзушылықтар азаймай отыр.

    Жүргізушілердің арасындағы ең көп таралған және жол-көлік оқиғасына басты себеп болатын әкімшілік құқық  бұзушылықтардың бірі,  бұл көлікті масаң күйде жүргізу екендігі бәрімізге мәлім.Бұл көліктегі құқық бұзушылықтардың ішіндегі адам  өміріне аса қауіп тудыратын әрекет болып табылады.

     2020 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен жүргізушінің көлік құралын алькогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның  басқаруына беру-он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға  және жеті жыл мерзімге көлік құралын  басқару құқығынан айыруға алып келеді.Бұған дейін аталған  бұзушылық  бойынша тек 3 жыл мерзімге көлік  құралын  басқару құқығынан  айыру жазасы көзделген болатын.

     Жыл сайын мас жүргізушілердің әрекетінен Қазақстан  жолдарында  жол-көлік оқиғалары орын алып, салдарынан автокөлік жолдарының басқа қатысушыларының және мас жүргізушінің өзінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіріледі.

    Масаң күйде көлік басқару жайтын болдырмауды қатаң  бақылау  үшін  полиция қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен  жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік  іс шараларды өткізіп отырады.

      Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік көлік құралын алкогольдық, есірткілік  және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның  басқаруына беру-он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан  айыруға алып келеді.

      Қоғамда маскүнемдік пен арақ ішу  ең басты проблема болып табылады.Соның ішінде осы мас күйінде көлік жүргізгендердің саны күн санап артып  келеді.Бұл ретте мас күйде көлік  құралын басқару біріншіден өзіңіздің және өзгелердің өміріне қауіп төндіріп, мүліктеріне зардап әкелуіне, тұрақты жұмысынан айырылуына әкеп соқтарады.

     Сондықтан жол-көлік қауіпсіздігін сақтап, ондағы жазатайым апаттан аман болу кез келгеніміздің тілегіміз және жол  жүру ережесін  қатаң  сақтау  парызымыз.

Алмасов Асылжан

     Жаңақорған аудандық сотының бас маман аға пристовы

    

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған