Алаяқтық-бөтеннің мүлкін жымқыру немесе  алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену. Қарапайым сөзбен айтқанда алаяқтық-алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау болып табылады.

Соңғы уақытта алаяқтықтың көп жасалуына  байланысты, оның жиі кездесетін  жағымыз құбылысқа айналып кету қаупі туындап отыр.

Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес алаяқтық-бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен, мүлікке құқықты  иемдену  болып табылады.

Бүгінгі таңда  ең көп таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі-ол интернет арқылы  жасалатын алаяқтықтың өте  қауіптісі–ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық.Ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр.

 Ғаламтор желісін пайдалану арқылы жасалады, бұл тәсілдер автоқосалқы бөлшектерін, ұялы телефондар және басқада тауарларды ғаламтор желісі арқылы сатумен байланысты.

Қазіргі  уақытта  әлеуметтік желілер немесе  басқа да ғаламтор  ресурстары арқылы ( мысалы, «ОLX»), «Колеса», басқа да танымал сайттар) тауар сату туралы жалған  хабарламалар  таратып, есеп-шоттарына алдын ала төлем жасатып, кейін  сатып алған тауарларын (автоқосалқы бөлшектер, басқа заттар)жолдаймыз деген сылтаумен ақшаларын жымқырған.

          Халқымыз қашанда «Адалдықтың ала жібін аттама» дегенді жас ұрпақтың құлағына құйып өсірді. Бұл адамгершілік тәрбиенің бір көрінісі ретінде бағаланды. Өкініштісі, қазір сол асыл қасиет ортамыздан жоғалып бара жатқан секілді. Қашанда жалғандық адамды жарға жығып жатады. Өтірікпен өрге баса алмайтының анық. Біреудің мүлкіне қол соғып, оны алдап алу жолымен иемденіп кету күнделікті көрініске айналып барады. Бұған байланысты қылмыстар сот органдарында жиі сарапталып, соған орай тиісті шешімдер қабылданып жатады.  

Алаяқтық кезінде алдау ауызша, сонымен қатар жазбаша нысанда болуы мүмкін. Жымқыру кезінде жалған құжаттарды пайдалану алдау нысандарының бірі болып табылады. Басқа адам әзірлеген жалған ресми құжатты пайдалана отырып жасалған жымқыру алаяқтық құрамымен толық қамтылады.

Соңғы  уақыттарда мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдетілген түрде арзан бағамен пәтер  сатып алуға ықпал етемін  деген жалған желеумен адамдардан алдап ақша алу деректері көп кездеседі өкінішке орай.

Тағы алаяқтықтың бір түрі ол ақшаға жұмысқа орналастырамын деген сылтаумен алдап, ақшасын иемдену.Көбінесе  алаяқтық жәбірленушіге басқа облыстарға жалақысы көп мұнай өңдеу саласындағы вахталық жұмысқа орналастыратындығына сендіріп, ақшасын жымқырып алады.

Сондай-ақ, микрокредиттік ұйымдардың сайттары арқылы онлайн қарыз рәсімдеу жағдайы кездеседі.

Ғаламтор алаяқтарынан сақтану жайлы айта кетсек, ешқан белгісіз сілтемелерге өтпеу керек және растау кодтарын үшінші тұлғаларға бермеу керек.

Бүгінде WhatsApp аккаунттарын бұзып, кейін иесінің туыстары мен достарына хабарлама жіберіп, ақшаны қарызға беруді сұрайтын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті.

  Ең көп тараған алаяқтық схемалары бірі  өздерін »полицияданмын», «банктенмін», «әкімдіктенмін» деп хабарласады. »Басыңа қауіп төніп тұр, алдын алу үшін телефоныңа келген құпия кодты айт» деп арбайды. Сол сәтте құия мәліметті берген жағдайда, олар банк шотыңызды оп-оңай иемденеді.

Қаныбек Алихан

Жаңақорған аудандық сотының  жетекші маманы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған