Қызылорда облысы полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары Тимур Хамитов Қызылорда өңірлік коммуникациялар қызмет алаңында брифинг берді. Цифрлық технология заманында интернет алаяқтық өршіп тұрғаны шындық. Қарапайым тұрғындар қанша алданбаймын дегенменен алаяқтар әралуан айла-амалдар тауып, алаяқтық жолмен алынған несиені жұрттың мойнына іліп қоюда. Осы ретте басшы орынбасары облыста киберқылмысқа қарсы жасалып жатқан жұмыстар барысын баяндады.
Қазіргі уақытта интернет пен цифрлы технологиялардың үздіксіз дамуына байланысты интернет алаяқтық қылмыстары қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналып отыр және оның түрлері де күн сайын кең таралып келеді.
Интернет алаяқтықтың басқа қылмыстарға қарағанда басты ерекшелігі – жалпақ жұрттың бәріне қатысты жасалуында болып отыр. Ол дегеніміз компьютер, смартфон, планшеті бар адам кез-келген уақытта интернет алаяқтардың құрбанына айналуы мүмкін.
Қылмыскерлер уақыт талабынан қалмай, азаматтардың ақшалай қаражатын жымқырудың түрлі жаңа әдістәсілдерін қолдануда. Әсіресе, олар әлеуметтік желілердің мүмкіндігін ұтымды пайдаланып отыр.
Жыл басынан бастап 298 дерек тіркеліп, ол жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 37,3 пайызын құрап отыр (жалпы798).
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен 212 қылмыстық іс өндірістен аяқталып, түпкілікте шешім қабылданып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190 бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Алаяқтық қылмыстарының бірнеше түрлері бар. Атап айтатын болсам:
– жұмысқа орналастырып беремін;
– жер алып беремін;
– пәтер алып беремін;
– үй алып беремін;
– несие алып беремін;
– жүргізуші куәлігін алып беремін;
– диплом алып беремін;
– жоғарғы оқу орынына түсіріп беремін;
– лицензия алып беремін;
– сертификат алып беремін;
– медициналық комиссиядан өткізіп беремін;
– мүгедектікке шығаруға көмектесемін;
– жихаз жасап беремін;
– емдеу мекемелеріне тегін жолдама алып беремін.
Жыл басынан бастап облысымызда 118 интернет алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен 41 қылмыстық іс өндірістен аяқталып, түпкілікті шешім қабылданған.
Қазіргі уақытта өңірімізде ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері:
– ұялы байланыс операторы ретінде таныстырып, сим картаңыздың жарамдылық мерзімінің өткендігін ескертіп, мерзімін ұзарту үшін ұялы телефонға жіберлген кодты сұрап алып, жеке деректерге қол жеткізеді;
– өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, атыңыздан несие алып жатқанына немесе онлайн банкті бұзып жатқанына сендіріп, ақшаны арнайы шотқа салуды талап етеді;
– түрлі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер акцияға инвестиция салудан жылдам түсетін кірісті жарнамалайды;
– Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы жақын таныс тарыңыздың фотосуреттерін пайдалану арқылы қарызға ақша сұрайды;
– «WhatsApp» желісінде пайыздық мөлшермен үстемақыны көбейту секілді смс хабарламаларға алданып, көрсетілген есеп-шоттарға ақша аудару;
– инстаграм, олх желілері арқылы тұрмыстық заттарды сату жеткізу парақшаларын ашып, алдын ала ақшасын тиісті есеп-шотқа аудартып алады;
– КолесаКз, КрышаКз желілеріне жалған жарнамалар орналастырып ақша қаражаттарын аудартып алу;
Қазақстанның байланыс операторлары алаяқтық мақсатпен шетелден қоңырау шалатын нөмерлерді бұғаттайды, осы уақытқа дейін 50 млн. астам қоңырау бұғатталған.
Облысымызда интернет-алаяқтық қылмыстарымен айналысу мақсатында «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы» құрылып, арнайы ақпараттық техникалармен жабдықталып, қылмыс ашу бағытында жұмыстарды атқаруда.
Ішкі істер органдарына бақылау жасау құзыреті берілмеген. Дегенмен қылмыстық құқық бұзушылық деректері бойынша арызшағым болған жағдайда қылмыстық іс тіркеліп, заң жүзінде тиісті шешім қабылданады.
Интернет алаяқтықтың құрбанына айналып жатқандардың, әсіресе өздерін банк қызметкеріміз деп таныстыратындарға алдануы соңғы кезде жиілеп кетті. Интернет алаяқтықтың бұл тәсілінің де өзіндік желісі бар. Алдымен қылмыскер жәбірленушіге хабарласып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады. Осыдан кейін ол жәбірленушіге оның атындағы есепшотқа шабуыл жасалғаны, болмаса төлем картасындағы қаржысын біреулердің жымқырмақ болғанын айтып, кейін оны өзі айтқан «қауіпсіз» есеп-шотқа аудартып алады. Алаяқтар құрбандарына хабарласқанда TeamViewer немесе AnyDesk деп аталатын арнайы бағдарламаларды жазып алуға кеңес береді. Ал қылмыскерлердің әр сөзіне сеніп отырған адам мұны бір минутқа жеткізбей телефонына жүктеп алғаннан кейін, қылмыскер банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде код жіберіп, оны өзіне айту қажеттігін айтады. Осыдан кейін алаяқ жәбірленушінің құрылғысына қашықтан кіре алады. Мәселен, ұялы телефондағы банк қосымшасына кіріп, бүкіл қаржыны басқара алады, депозиттегі ақшаны толығымен шешіп алып, тіпті банкке онлайн өтініш қалдырып, кез-келген сомада несие рәсімдей алады. Ақша түскеннен кейін бүкіл қаржыны өзінің қауіпсіз шотына аударып жіберу олар үшін аса қиын емес, осыған орай, қала тұрғындарына күдікті қоңырау мен хабарламалар келгенде бірден банкке хабарласуға кеңес беремін. Егер сізге белгісіз біреулер хабарласып, қандай да бір банктің атын атап, банк карточкасы жайлы ақпарат, немесе басқа да жеке мәліметтерді сұраса, ең алдымен сол банктің сенім телефондарына қоңырау шалып, ақпараттың рас өтірігін анықтап алуларыңызды сұраймын.